Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ тапсырмайтындар алғашқы мамандықты тегін игеретін болды

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспайтын талапкерлер алғашқы мамандықты тегін алатын болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161129114634

“Жаңа бағдарламаның негізгі өзегі жаппай оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Оның аясында алғашқы және екінші мамандықты тегін игеру мүмкіндігі ұсынылады. 15-24 жас аралығындағы жастар техникалық және кәсіби оқыту базасында алғашқы тегін мамандығын оқып шыға алады. Шамамен ҰБТ тапсырмайтын, жоғарғы оқу орнына түспейтін және аз қамтылған отбасыдан шыққан 21 мың түлекті қамту жоспарлануда”, – деді ҚР әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрі Тамара Дүйсенова.

Оның сөзінше, оқу уақыты 2,5 жылды құрайды. Оқу шығынына шәкіртақы және бір реттік тамақтандыру кіреді. Сонымен қатар, 25-44 жас аралығындағылар үшін екінші мамандық алуға да мүмкіндік берілмек. Олар үшін қысқа мерзімді дуальды оқыту курстары ұйымдастырылады. Олар колледж, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ортылығы базаларында орналаспақ.

“Дуальды оқыту ұстазымен бірге жұмыс орнында өтіп, оқу уақытының 40-50 пайызын алады. Бұл ретте үйретуші маман тек ғана өндірістегі жұмысшы емес, жеке кәсіпкер болуы да мүмкін”, – деді министр.

Сонымен қатар, алыс ауыл, аудандарда тұратындар үшін арнаулы мобилді оқу базалары ұйымдастырылады. Жыл сайын қысқа мерзімді курсқа 26-56 мың аралығында адам қабылдау жоспарланып отыр. Қазіргі шарт бойынша үкімет пен министрлік оқытуға да, жұмысқа орналастыруға да жауаптылық танытады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 9 жасар қызын өлімші етіп аямай сабаған әйел қоғамдық жұмысқа жегілді

3 жасар Айлинді ұрғаны үшін айыпталып жатқан анасы сотта тізерлеп тұрып жалынды

Есікте қыз зорлады деп сотталғандар сот отырысынан соң төбелес жасады

Қазақстанда қайта аяз болып, боран соғады деп болжануда

Талқылау