Алматыда 9 жасар қызын өлімші етіп аямай сабаған әйел қоғамдық жұмысқа жегілді

Сейсенбі, 29 Қараша , 2016 10:54

Өзінің қызын сабаған алматылық келіншек 200 сағат қоғамдық жұмысқа жегілетін болды. Ал қамқоршылық ұйымдары әйелді ата-ана құқығынан айыруға ниетті.

LQLVfbYFVRRd

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Алматы тұрғыны Әсел Төренің қоғамдық жұмысқа жегілуін, қамқорлық ұйымдары тым жұмсақ жаза деп отыр.

Еске сала кетсек, Алматы полициясы өзінің 9 жасар қызын аямай ұрған ананы ұстаған еді. Кішкентай Жанел ауруханада 10 күндей өткізген. Дәрігерлердің айтуынша, баланың миы шайқалып, бетінен және басқа жерлерінен бірнеше жарақат алған. Анасының қызын ұрып жатқаны туралы полицияға олардың көршісі хабарлаған. Бұл жағдайға қатысты сот ісі бірнеше аптаға созылды.

“Ол баланы тәртіпке салу үшін осындай жаза қолдандым дейді. Әйел ҚР ҚК 140 бабы, 2 бөлімі бойынша айыпталып отыр”, – деп хабарлады Алматы қалалық кәмелетке толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Айнұр Баймурзина.

Тергеу дерегі бойынша, тоғыз жасар қызын анасы жылдан астам уақыт бойы ұрып келген. Көршілері қыздың беті үнемі көгеріп жүретін еді дейді.

“Қыз мектепке барып, бірақ біресе мысық тырнап алды, біресе былай болды деп алдап жүрді. Яғни, мұғалімдерден жасыратын. Бірақ, кейін бәрібір белгілі болды”, – дейді Әсел Төренің көршісі Галина Кирюхина.

Қамқоршылық органдары болса Әсел Төрені ата-ана құқығын айыруды талап етіп, ювеналды сотқа қайта арыз түсірген. Сот үкімі шығамын дегенше әйел қызымен кездесе алмайды.

“Судья жақын уақытқа процесті тағайындайды. Сосын әрі қарай не болатынын көреміз”, – дейді Алмалы аудандық білім бөлімінің бас маманы Лаура Бәйтенизова.

Әзірге тоғыз жасар Жанел анасының туысқандарының қолында. Сот отырыстары кезінде әйел бірде-бір рет қызымен кездескісі келетінін айтпаған. Әсел Төренің сотқа қайта шағым түсіретіні, түсірмейтіні әзірге белгісіз. Ол қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Оқи отырыңыз:

3 жасар Айлинді ұрғаны үшін айыпталып жатқан анасы сотта тізерлеп тұрып жалынды

Есікте қыз зорлады деп сотталғандар сот отырысынан соң төбелес жасады

Қазақстанда қайта аяз болып, боран соғады деп болжануда

Жетімдер әнін шырқаған Нұрмұхаммед қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
11 күні 13 сағат кері

Мына сайқалды түрмеге неге жаппайды екен? Балаға қол көтеріп, өлімші етіп сабаудың не екенін білсін

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар