Есікте қыз зорлады деп сотталғандар сот отырысынан соң төбелес жасады

Дүйсенбі, 28 Қараша , 2016 16:16

Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ аудандық сотында бүгін тұрғын Жібек Мусинованы топ болып зорлау ісіне қатысты сот үкімі жарияланғанын хабарлаған едік.

8786E5FD-5F2F-4949-A61E-5AD2F458D825_w987_r1_s

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Сот бұл іске қатысты төрт адамды қылмыстық кодекстің “Адам зорлау”, “Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері”, “Адам ұрлау” және “Бұзақылық” баптары бойынша айыпты деп тапты. Айыпталушылар Асхат Бектұрсын – 10 жыл, Елтай Нұрбол – 9 жыл, Алмас Ермеков – 9 жыл алты ай, Ербол Ермеков 8 жылға сотталды. Сот іс материалы бойынша салонында зорлық қылмысы іске асты делінген көлікті тәркілеуге қаулы шығарды.

Үкім жарияланған соң сот залында жанжал туды. Сотталушылардың туыстары сот процесін түсіріп тұрған видеооператорларға тап берді. Операторлардың бірін жерге жығып, Жібек Мусинова мен оның адвокаты Айман Омарованы тілдеді. Полиция қызметкерлері жанжалға кейінірек араласып, сотталушылардың туыстарын тоқтатты.

Сотталушылардың адвокаты Андрей Иванников сот үкімінен соң үкімге келіспейтінін және оған апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Гүлбадар Мусинова қызы Жібек Мусинованы 14 тамызға қараған түні Есікте төрт адамның зорлағанын айтып, қылмысты тергеуде көмек көрсетуді сұрап видео үндеу жариялаған.

Жібек Мусинова топтасып зорлауға ұшырады деп болжанған биылғы тамыздың 14-іне қараған түнгі оқиғаны жергілікті баспасөз құралдары «резонансты қылмыс» деп атаған. Полицейлер төрт күдіктіге қатысты қылмыстық істі бойжеткеннің анасының видеоүндеуінен кейін ғана қозғаған, ал қылмыстық іс журналистердің назарына ілікті.

Бұл іс бойынша сот 19 қазанда басталып, жабық түрде өтті. Сотталушылардың жасы – 22-29 жас аралығында.

Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер бесікке бөлеудің бала денсаулығына қауіп төндіретінін айтады

БАҚ: Фидель Кастроның 35 мың әйелі болған (фото)

Тест: Жұлдыздардың қайсысының жасы үлкен екенін анықтай аласыз ба?

Қостанай облысында күйеуінің таяғынан шаршаған әйел оны өлтіруге тапсырыс берген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
7 күні 3 сағат кері

Адамды қорлау,зорлау дегеннің не екенін көрсін енді,қыздар кешке үйден шықпасаңдарщ

Анонимно
8 күні 5 сағат кері

Қолмен істегендерін мойынмен көтерулері керек.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар