Дәрігерлер бесікке бөлеудің бала денсаулығына қауіп төндіретінін айтады

Дүйсенбі, 28 Қараша , 2016 15:40

«Төрінде бесік тұрса, төре де басын иеді» дейді біздің халық. Ал, Бауыржан Момышұлы «Бесігі жоқ елден қорқамын» дейтін.  Дегенмен, бүгінде сәбиін  бесікке бөлейтін отандастарымыз азайып барады.

1410179122_besik

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жастарымыз бесіктен заманауи тербеткішті артық көргені ме, әйтеуір бесік қолданыстан шығып барады. Оның үстіне дәрігерлер жас аналарды баланы бесікке бөлеу зиян деп үгіттейді. Кейбір мамандар керісінше,  бесіктің медициналық тұрғыда пайдалы екенін айғақтайды. Сонымен қайсысы зиян, қайсысы пайдалы?

Астына Күміс әжейдің балаларының ұрпағы – 10 немересі  38 жылдан бері текемет төселген бесікке жатқан. Бесіктің басында үкісі, астында түбегі, баласына шүмегі де дайын. Қазақтың салт-дәстүрін киелі деп сақтаған ақ жаулықты ана қасиетті бесік балаға тазалық пен денсаулық сыйлайды дейді. Ал, оның қолданыстан шығып кетуі ата-бабамыздың аманатын ақтамағанымызбен тең деп өкініш білдірді.

Ал ақ халаттылар, жас аналарға бесікке бөлеген баланың денесі демалмайды, тіпті, бала денсаулығына қауіп төндіреді деп тұжырымдауда. Медицинаға жүгінсек, бесікке жатқан баланың қан айналымы дұрыс болмай, басы үлкейіп, аяғының ұршығы шығады екен.

№4 қалалық емхананың дені сау бала бөлімінің медбикесі Жанар Сабированың айтуынша, бұрынғы заманда бесік қазақ халқының көшуіне ыңғайлы болған. Ал қазір «Заман талабы басқаша…».

Бұрындары әжелеріміз бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады деуші еді. Талай батырлар мен ғалымдар бөленген тал бесігімізді әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз.

«Бесікті пайдаланбау нәтижесінде «бесікке бөлеу», «ана жыры», «тыштыма» секілді ұлттық салт-дәстүріміз де күн санап жоғалып барады.

Жіберіп алмаңыз:

Бір аяғымен бесікті тербетіп өзі қамыр жайған келіншек елді таңғалдырды (видео)

Бесіктегі інісін тербетіп отырған балақайдың өзі ұйықтап кетті (видео)

Өнертапқыш: Жаңа смарт бесікті енді аналар алыста отырып басқара алады

Динара Сұлтан жас аналарға бесіктің басқа түрін қолдануға кеңес берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

17
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
3 сағат 36 минут кері

Қалғпнда өзіміздің қазақ враштардан қалдық қой палеге

Анонимно
1 күні 27 минут кері

бесік дисплазиясы бар нəрестелерге болмайды. дамымайды өспейді дегенді кім шығарды. мақалада олай айтылмаған ғой.
баламды бесікке жатқызбасам да аяғы түзу тфай тфай.

Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ
1 күні 4 сағат кері

Қазақтардың ұлттық құндылықтарын, соның ішінде бесікті жамандауға СССР кезінде жоғарыдан мединституттың оқытушылары тапсырма алған. Тексіздер сол тапсырманы орындап бесікті әлі жамандауда. Бесікті жамандаған дәрігер қазақ халқының ата жауынан да жаман.

Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ
1 күні 4 сағат кері

Қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлелдеп, осы уақытқа дейін жетіп отыр. Баланың таза болуы, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, баланың ана құрсағынан жарық дүниеге келген соң табиғи өсуіне әсер етеді. Сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тербеліске түседі. Алайда өмір есігін ашқан соң жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай әлдилеп, тербетіп отыру керек. Міне, қазақтың ұлылығы!

Анонимно
1 күні 17 сағат кері

Ғалымдар оттамасын сонда памперс қауіп төндірмейма екен

Анонимно
1 күні 20 сағат кері

Бесікті зиян деуге менде карсымын

Анонимно
2 күні 3 сағат кері

Бесик деген пайдалы. Озим балдарымды бесикке болеп осирдим. Бесикке болердин алдында емизип, кекиртип алу керек.сонда куспайды бала.

сейтжан
2 күні 4 сағат кері

бесик.зиян.деуге.карсымын.ултымызга.тонген.кауип.деуге.болады.калай.далдепти.медиктерге.маскара.

Ербол
2 күні 7 сағат кері

Бесиктеги баланы какалдырып журген Жан анасынан сурасын калай емизу кажеттигин, елбасыда бесиктен шыкканын умытпасын

Анонимно
2 күні 8 сағат кері

Даригерлердин бесикке болеу баланын оспей дамымайды дегенге карсымын мулдем келиспеймин Ата бабамыздан келе жаткан дастуримиз баланын тыныш уйыктауына таза болуынына осы бесикти пайдаланып келген Сурапыл согыста апаларымыз осы бесикке балананыы таннан танып кырманга астык жинау ушин кетип кешке бирак шешип алган сондагы балалар да омир сурип келди гой бул деген дастуримизден аластату деген пикир Казагымыздын бесик жырын ким айтады онда бесик болмаса шетелдин папмерсин колданайык жырга айтып казактын арбир уйинде бесик турса кандай адеми бала иеси анкып турады бара бара дастурден шет калмасак бесик деген не деп турмасак болар Казагымыздын асыл буйымы касиетти бесиктен аластамайык агайын!

Анонимно
6 сағат 28 минут кері

Дәрігерлерге бірдеңе айту керек қой,айта берсін!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар