Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-2018: Қандай сұрақтар алынып тасталды

Бұл жылы ҰБТ-да Қазақстанның танымал тұлғалар туралы сұрақтар болмайды. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов 2018 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтетінін айтып берді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Журналистер Әлімқұловқа өткен жылғы ҰБТ-ның сынақ тестінде кездескен Баян Алагөзова, Нұртас Адамбай және тағы басқа танымал адамдар туралы сұрақтарды есіне түсірді.

«Бұл сұрақтар сынақ тестінде кездескен. Шындығында ҰБТ-да мұндай сұрақтар болмайды. Ең бастысы, уайымдаудың қажеті жоқ. Барлық сұрақтар оқу бағдарламасындағы тақырыптардан алынады», – деп жауап берді Әлімқұлов.

Орталық басшысының айтуынша, ҰБТ форматы өзгермейді және тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңартылған.

Бұған дейін, ҰБТ сынақ тестінде қазақстандық танымал әртістерінің өмірбаяны туралы сұрақтар кездескен еді.

Тағы оқыңыз:

Өскеменге Голливуд жұлдыздары келді (фото)

Ресейдегі ұшақ апатынын тағы бір Қазақстан тумасы қаза тапты

Боғауыз сөздер айтып төбелес шығарғысы келген жігіттен полиция қызметкерлері қашып кетті

Шымкенттегі үш адам өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Талқылау