Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында қар жауды

Түркістан облысының Созақ ауданыда қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Түркістан облысында қар жауды

«Кеше түнде ол жақта жаңбыр жауып, арты дымқыл қарға ұласты. Қар Ащысайдағы таулы жерде жауды. Қазіргі уақытта қардың көлемі 2 сантиметрге жетті. Күндізгі уақытта ауа температурасы +2, түнде -5 градус», – дейді «Қазгидромет» РМҚ-дағылар.

Айта кетсек, Созақ ауданы облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан.

Шымкентте де күннің күр суығаны байқалады. Жел 20 м/с күшейіп, жаңбыр жаууда. Күндіз ауа температурасы 8-10 градус жылылықты көрсетеді. Ал түнде – 1-3 градус.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау