Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған қызы сияқты: Бүркіттің анасы мен жұбайының ұқсастығы көпшілікті таңдай қақтырды

Әнші Бүркіт желідегі парақшасында отбасымен бірге түскен суретін жариялады. Өз кезегінде көпшілік отбасы мүшелерінің арасындағы ұқсастықты байқап, жарыса жазып жатты. Әсіресе, Бүркіттің анасы мен Аишаның ұқсастығы жұртты таңғалдырды, деп жазады Stan.kz.

Туған қызы сияқты: Бүркіттің анасы мен жұбайының ұқсастығы көпшілікті таңдай қақтырды

Бүркіт ата-анасымен, жұбайымен және балаларымен бірге түскен суретін жариялады.

Өз кезегінде әншінің байқампаз оқырмандары Бүкіттің әкесіне, Аишаның енесіне қатты ұқсайтынын айтып жатты. «Келін қайын ененің топырағынан» деп сүйсінді олар.

Туған қызы сияқты: Бүркіттің анасы мен жұбайының ұқсастығы көпшілікті таңдай қақтырды

«Аиша енесіне ұқсайды екен. Ал сіз әкеңізге тарыпсыз», «Жұбайыңыз сіздің анаңыздан айнымайды», – дейді пікір қалдырушылар.

«Келіншегіңіз анаңыздың аузынан түскен екен», – деп жазды тағы бірі.

«Аиша өзінің енесіне сондай қатты ұқсайды. Құдды қызы сияқты», – деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау