Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Нью-Йорктегі терактіден кейін виза тарату мәселесін қайта қарауды ұсынды

“Бұдан кейін ешқандай лотореяға қатысты демократиялық жүйе болмайды. Иммиграциямен күресетін боламыз. Біз кішкене күш жинап, барлығын ақылға салуымыз керек”, – дейді президент.

Бұл туралы Ресей Жаңалықтары басылымы хабарлайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Нью-Йоркте болған терактіден кейін лотореяның диверсификациалануына қатысты пікір білдіріп, аталған жүйені сынап тастады. “Демократиялық партияның сенаторы Чака Шумердың арқасында террорист елімізге келді. Мен барлығының әділетті болғанын қалаймын”, – деп жазды Трамп твиттердегі парақшасында.

Сейсенбі күні Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданында жүк көлігі велосипед жолына шығып кеткен болатын. Жүк көлігі жолында кездескен бірнеше велосипед жүргізушілерін қағып өткен. Мұнымен қатар, жүк көлігі оқушылар отырған автобуспен әдейі соқтығысқан.

Артынша автобустан шығып тұрғындарға оқ жаудырған. Нью-Йорк мэрі Билл Де Блазио бұл оқыс оқиғаны теракті деп атады. Ал оны ұйымдастырған 29 жастағы Сейфулло Саипов Өзбекстан азаматы болып шықты. АҚШ-қа лотореяның арқасында 2010 жылы келген.


Жіберіп алмаңыз:

Ұлдарының ауысып кеткенін 4 жылдан кейін білген ата-аналар балаларын қайта ауыстырмаған

Көрермендер көзі ерекше тележүргізушіні көріп шошыды (видео)

Анасы құрсағындағы сәбиінің түрін көріп шошыды

Психологтың өзін ұйықтатып тастадым: Ақтөбелік имам адам бойындағы жындарды қалай шығаратынын айтты

Талқылау