Осы уақытқа дейін өзінің кім екенін білмеген Айдананың тағдыры елді елең еткізді

Бейсенбі, 6 Қазан , 2016 10:44

Айдана есімді бойжеткен осы күнге дейін өзінің толық аты-жөнін де, қай күні, қай жылы дүниеге келгенін де білмей келді. Жастай тағдыр тауқыметін тартқан қыз ата-анасынан, бауырларынан жырақта өскен. Кезінде Қарақалпақстаннан отанына оралған әке-шешесі бастарына түскен қиыншылықтарға шыдамай, ішкілікке салынып, балаларын бақытсыздыққа душар еткен. Айдана, тіпті, өзінің үш бауыры болғанын да білмей келіпті. «Айтуға оңай» бағдарламасы Айдананың кім екенін анықтап, алғашқы құжатын табыстады.

Screenshot_1

Фото: “Айтуға оңай” бағдарламасынан скриншот

Отбасынан айрылып қалған кезде Айдана небәрі 2-3 жастағы сәби болған. Ата-анасы, бауырлары еміс-еміс есінде. Бар білетіні – кезінде ол отбасымен бірге Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Амангелді ауылында тұрған.

«Бұл жерге келіп сіңліммен бірге жүрген кездеріміз еске түсіп жатыр. Ол да бақытты күндерді көре алмай өмірден өтіп кеткеніне жүрегім ауырып жатыр. Бәрі анамның қателіктері. Жақсы, мейірімді әйел болса тастап кетпес еді, біз осылай жүрмейтін едік», – деп егіле жылады туған жеріне барған Айдана.

Журналистер Айдананың ауылына ат басын бұрып, жас қыздың өмірі, отбасы туралы деректерді анықтаған.

Кезінде сол ауылдың әкімі болған Жақыпбек Дайыров білгенін айтып берді:

«90 жылдары мал бағатын адам күші қажет болып, Қарапалпақ жақта жұмыс іздеп жүрген адамдардың бар екендігін естідік. Осы жерден адам жіберіп, іздеттік, содан ақыры 5 жанұя көшіріп әкелдік. Соның ішінде Қайтбай Мадияр да бар. Келер жылдары Кеңшар жекешелендіріп, таралды. Олар жұмыссыз қалды. Оларды көшіріп әкелген өзіміз, Кеңшардың орталығындағы бос үйге әкеліп орналастырдық».

Айдананың отбасы аталмыш ауылда 5-6  жыл қоныс тепкен. Жұмыссыз қалған әкесі кейіннен сол ауылда радио жөндеуші болып жұмыс істеді. Алайда үлкен қыздары Нигораны небәрі 7-8 жасында әкәсінің ішкілікке салынған досы зорлағаннан кейін бұл отбасы Амангелді ауылынан көшіп кеткен. Одан әрі Айдананың анасы да ішімдік ішіп, жаман әдеттерге бой алдырған. Ең сорақысы, туған әкесі Айданаға зорлық көрсетпекші болған.

Тележүргізуші Бейсен Құранбек Айдананың анасының да, зорлыққа тап болған әпкесінің де тірі екенін айтты. Алайда екеуі де Қазақстаннан жырақта болып шықты. Әпкесі тұрмыс құрып, өз отбасын да құрыпты. Ал анасын Айдана мүлдем көргісі келмейді.

«Көргім келмейді, ондай анамның болғанын қаламаймын. Төрт баласын тастап кеткен ана қалай мейірімді болады? Бауырларым бар екенін білгенде қатты ренжідім. Сонда қимай ма? Соншама тасжүрек болғаны ма сонша? Қалай қиып тастап кетті? Жоқ кезінде іздегені не керегі бар маған?» – деп жылады ол.

Screenshot_2

Көршісі Венера Гүлімбетова Айдананың анасы туралы айтып берді: «Іздеді балаларын, ішіп алып, өкіріп тұрып жылайтын. Табасың десем, «табылмайды, оларды алып кеткен» деп айтатын. Осы жақта Рахымжан деген зейнеткерге тұрмысқа шықты. Аз күннен соң сол үйдің үлкен қызы күн көрсетпегендіктен болар, кетіп қалды. Түркістанға кетіп саудамен айналысты».

Screenshot_3

Айдананың анасы – Шәрипа

Қуаныштысы, бойжеткен туралы мәліметтер табылды. Енді ол өзінің кім екенін біледі. Назар аударайық:

«Қошанова Айдана Мадиярқызы. 1994 жылдың 18 шілдесінде туған. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданыны қазіргі Бозтұмсық елді мекенінде. Әкесі – Хайтбаев Мадияр, ұлты өзбек, анасы Серікбаева Шәрипа, қазақ».

Бейсен Құранбек Айданаға туу туралы акт жазбасын табыстады. Айтуынша, осы құжат арқылы Айдана туу туралы куәлік те, жеке куәлік те ала алады.

Айдананың тағдыры бүкіл елді елеңдетті. Қайырымды кісілер бойжеткенді асырап алғысы келетіндерін айтса, есімін атамауды жөн көрген лауазымды тұлға Айдананың білім алуына көмектескісі келеді. Өкінішке қарай, Айдана мектепте де оқымаған. Десе де, ештеңеге қарамастан, ол бүгін өзін бақытты санайды.

«Алла тек сүйген пендесіне қиыншылық береді дейді. Соған шыдайтынын білгендіктен береді. Жеңіл жолға кіріп кетпей, шыдау керек. Бақытты болуға қатты тырыстым, бүгін бақыттымын деп есептеймін, барлықтарыңызға рахмет», – деді ол.

Мәдина Сәдуақасова Айданаға өз тілегін жолдады:

«Қиналғандарың кешегі күн болып қалсын. Әр адам өз тағдырын өзі жасайды. Мен осындай боламын деп шарт қояды. Осы сәттен кейін сен мүлдем басқаша мақсат қой. Бастысы – өзіңді таптың. Өмірде мейірімді адамдардың барына сен».

мадина айдана

Жіберіп алмаңыз: 

Келін: Енем мені ұрлықшы етіп шығарды

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп елді шошытты

Қызыма хат. Қазақстанда қыз болып туылудың кемшіліктері

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар