Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт баланың анасын қағып кеткен экс-подполковник сот алдына келді

Бүгін Оралда 34 жастағы экс-подполковник Самат Наурызовқа қатысты сот басталды. Ол осы жылдың 22 шілдесінде төрт баланың анасы мен оның асыранды қызын көлікпен соғып өлтірген.

IMG_9546-700x467

Бұл туралы “Уральская Неделя” хабарлайды.

Сот кезінде зардап шегуші тараптың адвокаты Эльмира Ешмұратова отбасының ас беруге жұмсалған шығынын іс материалына енгізуге қатысты өтініш берді. Сондай-ақ, іс материалына қайтыс болған әйелдің қызының емі мен адвокатқа жұмсаған шығыны да кірістірілді.

Айыпталушы тарапынан жұмыс орыны мен көршілерінен мінездеме алдырылды. Еске салсақ, оқиға жалпы қоғамдық резонанс туғызған соң Самат Наурызов 24 шілдеде тұтқындалған еді.

Оқиға 22 шілде күні Шаған ауылы маңында орын алған. Самат Наурызов сол күні үйленуі тиіс болған екен. Қайтыс болған әйел мен зардап шегуші де тойға Ақтөбеден келген. Әскери қызметкердің ісі бойынша келесі сот отырысы 20 қыркүйек күні өтеді. Осы уақыт ішінде тараптар кінәні мойындау туралы процессуалды келісімге келулері қажет. Қайтыс болған әйелдің туыстары айыпталушыдан 30 миллион теңге талап етіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Бас прокуратура Мұратхан Тоқмәдидің адвокаттарын істен шеттетіп тастады

Головкин–Альварес жекпе-жегінің төрешілері анықталды

Бала санын арттыруға бас қатырған шымкентттіктер елде жоқ акцияны қолға алды

Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды қаққан жүргізуші судьядан жылап тұрып қамауға алмауын сұрады

Талқылау