Төреғалиді ашуландырған журналист өз әрекетін түсіндірді

Дүйсенбі, 4 Шілде , 2016 15:34

Төреғали Төреәлімен сөзге келіп қалған журналист өз әрекетін түсіндірді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Мен тағы болған жайды баяндаймын. Өлеңдеп асыра сілтеу маған жат. Мен сұхбаттың басында дұрыс фонға қойып, қолыңды түсіре ғой деп бұл көріністің эфирде жақсы шықпайтынын айтқым келген. Өрекпіп мұрша бермеді.

Бұйырып сөйлеп тұр деп ойлап көтеріліп кетті. Мен содан кейін ғана дауыс көтеріп түсіндіруге мәжбүр болдым. Бары сол. Ел алдында жүрген соң орнымызды білейік. Пікір айтсаңыз да орынды болғай”,  – дейді журналист Мақпал Рысбаева.

Түсірілім барысында Төреғалидің жанында әкесінен бөлек Ләйлә Сұлтанқызы болған. Ол журналистің мәдениетсіздік танытқанын айтады.

“Ұлттық арнаның “ҰДБ” реалити шоу аясында осы түсірілім барысында мен сол жерде болдым. “Қарға қарғаның көзін шұқымайды”,  “журналистік этика” деген бар. Осыған қоса журфак бітірмеген “гүлдендіргіштер” бар, мен солар үшін “ұяламын”. Үш күн түсірілім барысында ұққаным – Төреғали Төреәліні халық шынайы жақсы көреді”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы

Естеріңізге сала кетсек, Шымкент қаласының кілем фабрикаларының бірініе қонаққа барған әнші журналистердің бірімен сөзге келіп қалған болатын. Сол күні-ақ интернет беттерінде әншінің БАҚ өкілдерін тілдеген видео пайда болды. Артынша әнші өзін ренжіткен журналиске өлеңмен жауап берген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Бірнеше мәрте БАҚ-та жаман әдетімен көзге түскен Бейбіт әріптесі Төреғали Төреәліні қорғап сөйледі

Төреғали Төреәлі реалити-шоудың басты кейіпкері болмақ

Ерке Есмахан әнші Төреғалидың концертіне келмеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Аскар says:

    Журналисттин миы жок Мақпал Рысбаева.
    Биринши сен акталма. Сенин дорекилигин видеодан коринип тур. Этика жайлы журтка окытпай ак артты кыскан абзал гой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар