Төреғали Ерке Есмаханды тележүргізуші бүлдіршінге айырбастады (видео)

Жұма, 22 Сәуір , 2016 13:09

Әнші Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның арасында түсініспеушіліктер орын алғалы бері “Алло” әні шырқалмаған болатын. Жақын күндердің бірінде әнші аталған туындыны “Балапан” арнасының тележүргізушісімен бірге орындап, халықтың әнге деген сағынышын басты.

1170416_1510148785981657_2047355211_n

Фото: instagram.com/toregalitoreali/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Дәл қазір Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның қарым-қатынасы қандай екені белгісіз. Десе де, концерттерде “Алло” әнін бірігіп орындап жүрген жоқ. Жақын күндердің бірінде Төреғали аталған әнді “Балапан” арнасының тележүргізушісі Еңлік Ғаниқызымен бірге орындап шықты. Бұл дуэті өзіне ұнаған сыңайлы. Тақылдап тұрған кішкене бүлдіршіннің пысықтығына қайран қалып, “Мына қыз Еркеден де асайын деп тұр ғой” деді.

Естеріңізге сала кетсек, әнші Төреғали Төреәлі отандық бағдарламалардың бірінде “Ерке менің арқамда танылды” деп пікір білдірген-ді. Бұл сөзді әкесі де қоштап, концерттерден Ерке Есмаханды көре алмай наразылық танытқан жұртқа өктем сөйлеп, ақшаларын қайтарып беретіндігін айтқан. Мұны естіген Баян Мақсатқызы аты аталған әншімен бірігіп жасалып жатқан барлық жұмыстың тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Әріптесінің сөзіне ашуланған Есентаева небәрі аз уақыт ішінде Ерке Есмаханға “Еркемін” атты әнге бейнебаян түсіріп берген-ді. Бейнебаянда басты рөлді Асылхан Төлепов сомдайды. Ал алдағы уақытта “Алло” әнін қос әншінің бірігіп орындап-орындамайтыны белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Төреғали Төреәлі: Әйелмен соғыса алмаймын

Төреғалидің әкесі енді журналистерге жақпай қалды

Әнші Төреғали Төреәлі ауруханаға түсті

Төреғали Төреәлі: Ринат Зайытов Назарбаевтың адамы екен (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар