Төреғалидің әкесі енді журналистерге жақпай қалды

Жұма, 15 Сәуір , 2016 11:12

Шымкент қаласына гастрөлдік сапарға барған Төреғалидің әкесі Төреәлі Әлиханов журналистерге жергілікті арналарға сұхбат бермейтіндігін айтқан. Мұны естіген журналистер әкесінің бұл қылығы орынсыз екенін айтып, наразылығын білдірді.

11950716_902705066474354_1218846665_n-620x414

Фото: instagram.com/toregalitoreali/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше Шымкент қаласында Төреғали Төреәлінің концерті өтетіні хабарланып, қала тұрғындары әншіні көруге асыққан-ды. Тіпті билет жетпей есіктен сығалап тұруға мәжбүр болғандар да бар. Концерт барысында әке мен бала ән айтып, “ТТТ” маркасымен киім шығарғандарын да жасырмады ,-деп жазған  “Отырар” арнасының тілшісі.

Ұйымдастырушылар журналистерді “Рұқсат жоқ” деп залға, сұхбатқа кіргізбеуге тырысқан.

“Қазақстанның әр облысында жеке шығармашылық кешін өткізіп жүрген өнерпаздың өнері бұқара халыққа жергілікті телеарналар мен басылымдар арқылы насихатталатыны белгілі. Тіпті оларды ауылдағы ағайын мен әр өлеңін жаттап алып, ыңылдып айтып жүрген жас толқын телеарна арқылы танитыны анық. Сонымен, ұйымдастырушылармен, басқа да жауаптылармен айтысып жүріп, ішке ендік”, – дейді Отырар арнасының журналисі Махаббат Абдешова.


Жіберіп алмаңыз:

Төреәлі Әлиханов: Әйел адаммен сөз таластырғым келмейді

Есентаева Төреәлінің әдепсіз қылығын жұртқа жайды


 

“Түркістан” сарайында өткен концертте ине шаншар орын болмаған. Халық әншіні ыстық ықыласына бөлеп, өнеріне тәнті болыпты. Кешті әншінің өзі жүргізген.

Әнші әкесінің қолын босағанын пайдаланып журналистер сұхбат алмақ болған. Алайда Төреәлі мырза журналистердің бұл ықыласын су сепкендей басқан-ды. “Жергілікті телеарнаға сұхбат бермейміз. Қазір біз бір нәрсе айтсақ, даурықтырып әкетесіңдер” деп, қарсы болды. Битке өкпелеп, тонын жаққанға ұқсады “өнерлі әкенің” бұл тірлігі! Халық алдында бір сөйлеп, былай шығып, бір сөйлеген продюсердің бұл сөзі телеарна мен оның көрерменін кемсіткені емес, ең алдымен, өзінің деңгейін көрсетіп бергенін өзі де байқамай қалды-ау, шамасы!? “Ұлық болсаң, кішік бол” деген сөзді айтқан дана қазақтың жігіттері әрекеттері мен айтар сөздерін шамалы ойланып жасап, айтса, бәрі басқа болар ма еді. Жақсы ән тыңдап, сіздерге оның әдемі сәттерін жеткізбек болған ойымыз осылай жүзеге 100 пайыз аспай қалды”, – деп аталған арнаның журналисі әншінің әкесіне деген ренішін жеткізді.

Төреәлі Айдаров мырзаның бұл әрекеті отандық бағдарламалардың біріне сұхбат беремін деп, басының дауға қалғанымен байланысты болса керек. Десе де әрекетінің себебі тек өзіне мәлім.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Дұрыс жасаған. Сауап. Журналисттерге сол керек.

    • Жұмбақ жан says:

      Казир Торегали туралы ангиме оте коп, семиздикти кой котереди демекши, котере алмай журген шыгар

  • Айдын says:

    Нағыз жанашыр қазақ журналисі бұлай жазбау керек!

  • Жұмбақ жан says:

    Торали мырзада жулдыз ауруы абден аскынып кетипти гой. Осы ауруынын аркасында улынын абыройын халыктын алдында тусиретин болды

  • Жұмбақ жан says:

    Неге аншінің әкесінің тегін түрлі,түрлі етіп көрсеткен?Әлиханов,Айдаров деп.

  • Жұмбақ жан says:

    Журналистеросек жазып оздери кинали

  • Жұмбақ жан says:

    Дұрыс. Концерт бере ме, әлде соларға сұхбат беріп жүре ме. Олар да сол жараның аузын тырнауға барып тұр.

  • Жұмбақ жан says:

    Өй сол Төреғалиды қойшы, жалпы əртістерді жарнамалауды доғарыңдар журналист қауымы, өздеріңе сол керек,

  • Жұмбақ жан says:

    Тореали оте сауатсыз продюсер коркак.соз байлыгы оте томен, сынды котере алмасан минин тузелеме Тореали мырза! Осылай бола берсе баласына кедерги жасайды , анау мен де мынау менде араласпай бетин кага берсе кара басы калады гой!

  • Жұмбақ жан says:

    Онысы неси

  • Жұмбақ жан says:

    Кайтет енди миын ашытып жибердигой журналистер

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар