Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі: Ринат Зайытов Назарбаевтың адамы екен (видео)

Ғаламторда әнші Төреғали Төреәлінің Ринат жайлы пікірін айтқан видео жарияланды. Кездесу барысында көрермендер әншіге Ринат Зайытов жайлы сұрақ қояды.

maxresdefault

“Маңызды сұрақ екен, орындыдан бұрын. Ринат – менің айтыстағы ұстазым. Айтысқа келіп, айтыста қалай шоу жасау керектігін, құпияларын, сырларын барлығын ашып айтқан. Айтыста мынандай сөз айтсаң деп бағыт берген ұстазым Ринат Зайытов болған. Кейіннен мен айтыстан кеттім деп қолымды сілтегенде бір-бірімізді түсіне алмай жүрдік”, – дейді Төреәлі.

“Қазір жақсы арамыз. «Халық айтса, қалт айтпайды» дейді. Кейде өсек-аяңдар   жылдам болып кетеді ғой. Осы жерде мен қазір “Ринат негізі мынандай екен ғой” деп сыбырлап айтсам, мына жерде жүз адам отырса, мен Алматыға жетем дегенше мың шақты адам естіп қояды оны. Мысалы үшін «Ринат Назарбаевтың адамы екен, әшейін сөйтіп жүр екен ғой» десем мың адамға тарайды…» -деген әншіге көрермен «Ринатты шындықты айта алатын адам деп санайсыз ба?» деген сұрағын қайталап қойды.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәлі Еркені сынаймын деп Есентаевадан сөз естіді

Төреғали Төреәлі халыққа заңды жұбайын көрсетті (фото)


“Мен де айтыста шындықты аз айтқан жоқпын. Мен қатысатын айтыстарға Ринат та міндетті түрде болатын. Екеуміз бірге дайындалатынбыз. Мен оның көлеңкесінде қалып кететінмін… Мені ешкім байқамайтын, мен шындықты айтып-айтып кететінмін. Ринат шыққан кезде   халық басқаша болып, менің айтқаным ұмытылып кетеді. Ринаттың көп жеріне менің қатысым бар. Әлі күнге дейін өзіміз күліп те айтамыз..,-деген Төреәлі айтыста жүріп шындықты айтқан кездері ешқандай қысым болмағанын, мүмкін оған Ринаттың септігі тигенін болжаған. Әнші белгілі ақын Бауыржан Қалиоллаұлына қатысты оқыс оқиғаға жайында да айтып өтті.

– Бауыржан Қалиоллұлы деген ақынды білесіздер ғой. Артынан пышақтап, атып кетті деп… Кім біледі сол айтыстан кейін өзі ішіп алып төбелесті ме?.. Содан кейін халықты биліктен көре салады деп ойлады ма? Кім біледі?.. Шындықты айтқан жақсы ғой, -деп ойын түйіндеді ол.

Талқылау