Тісіне брекет салдырған күшік интернет қолданушыларының жүрегін тебірентті

Сәрсенбі, 2 Наурыз , 2016 11:56

Молли Мур мен оның алты айлық ретривері Уэслимен таныс болыңыздар. Молли Мичиган штатындағы Спринг-Лейкте тұрады әрі сол жердегі әкесі Джим Мурге тиесілі ветеринарлық клиникада жұмыс істейді. Кезекті материалымызда тісіне брекет салуға мәжбүр болған күшіктің оқиғасын баяндаймыз.

атон

Уэсли бақытты күшік болса да, тісі шыққан кезде біраз қиналған. “Оның азу тістері шыға бастаған кезде бір кемістікті, яғни аузының дұрыс жабылмайтынын байқадық. Арықтап, өзінің ойыншықтарымен ойнамайтын болды. Мен қатты алаңдап, оның бақыты үшін күресуге шешім қабылдадым”, – дейді Молли.

Моллидің бақытына орай әкесі ветеринарлық стоматология саласында қызмет жасайды. Ол күшіктің тісін брекет көмегімен жөндеуді жөн көріпті. Джим Мур күшіктің тісін брекет кигізу арқылы емдеудің “әдеттегі тәсіл емес” екенін, дегенмен оның расымен де пайдасы бар екенін айтты.

апира

“Біз күшіктің ауыз қуысына құрылғылар мен әртүрлі пішіндегі қысқаштарды әдемілік үшін салмадық. Мұны ауырсынуды басып, тіс қызметін ретке келтіру үшін істедік”, – дейді әкесі Джим Мур.

“Көп адам түсіне қоймайды. Олар мұны күшігімізді ойын алаңынан өзге біреулер алып кетпесін деп жасаған деп болжайды. Бірақ мұның медициналық маңызды себебі бар”, – дейді Молли.

новый коллаж

Америка ветеринарлық стоматология колледжінің мәліметінше, күшіктің тістері аузын жапқан кезде бір-біріне дәл тимейді.

Джим Мур мұндай тәсілді бір жылда төрт рет қолданады екен. Ол бұл тәсілдің Уэсли тістерін қалпына келтіруде маңызы зор екенін айтты. Сым темірлер мен қысқаштарды орнатқан кезде Уэслиге наркоз салған екен. (Егер сіз де тісіңізге брекет салдырып көрген болсаңыз, мұның қаншалықты ауыр екенін жақсы білесіз).

трогпаа

Уэсли өзінің “ыңғайыссыз нәтижесі” мен сүйкімді түрін көрсетіп жатыр.

Клиника дәрігерлері бұл суреттерді Facebook желісіне салғалы бері олар жылдам таралып, 270 000 көрілім жинап үлгерген.

edit-13887-1456775326-2

“Оларға сүйкімді болып көрінеді. 12 жасымда алғаш брекет таққан кезімде сырт көзге қалай көрінгенімді енді түсінгендеймін”, – дейді Молли.

Жақсы жаңалық – Уэслиді өзге иттерден ұзақ уақытқа бөліп-жарудың қажеті болмайды. Ол осы кейпінде тек бірнеше апта ғана жүреді.

enhanced-25223-1456774124-22

Уэсли, көзді ашып-жұмғанша бұрынғы қалпыңа келесің. Брекетіңді шешкен кезде тіліңнің тісіңе баяғыдай тиетінін сезетін боласың.

Оны сүйкімділігіне тамсанбау мүмкін емес қой?!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар