Тілшілер мен әншілердің ұрысы: жұлдыз ауруына ұшырағандар кімдер?

Сейсенбі, 5 Шілде , 2016 13:54

Жұлдыздар танымалдылығының құны атақ-абыройымен пара-пар. Себебі, жиырма төрт сағат жұрттың назарында жүргендіктен, әр әрекетін жіті бақылауы тиіс. Олай болмаған жағдайда қасықтап жинағаны шөміштеп төгілмек. Ал қазақстандық жұлдыздар мұндай сыннан қалй өтіп жүр? Сүрінбейтін тұяқ болмайды демекші, олар да жұрт алдында талай рет ұятқа қалған-ды. Бірі ішімдікке тойып алып, ерсі әрекеттер көрсетсе, енді бірі журналист қауымын алдаймыз деп масқара болған. Десе де, төртінші биліктің тізгінін ұстағандар олардың бұл әрекеттерін жұртқа жайған-ды.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мөлдір Нұрман: Жеткен жеріміз осы болды! МС-ді жұлдыз қылып жібердік-ау! Масаның ызыңының да әуені бар шығар, оның қырылдаған қырт әндерінің жанында! Парижді таң қалдырған Әміренің әруағы ұялып жатқан шығар, бүгінгі музыка әлемінде жүрген даңғырбайларға қарап! Өзіңде намыс жоқ болса, біз не үшін ұялуымыз керек екен!

“Аузыңа сиейін” деп бұрынғы апалар не үшін айтқанын енді түсінген сияқтымын! “Әу” демейтін қазақ жоқ” деп ыңыранып әндеткендерге айтқан шығар! Өзім үшін дәстүрлі мен опера әншілері ғана қадірлі өнер әлемінде! Не деген сұмдық, сахна кім көрінген топ ете қалатын “прходной двор” болыпты ғой таза!

13576826_502786973250095_4015464900053355803_o

Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/

Рэпер әрі журналист Жан Ахмадиев өзінің туындыларында МС Сайлаубек пен “91” тобына тіл тигізген болатын. Алайда ол сұхбаттарының бірінде керісінше аталған топты қорғаштаймын деп әлек болды.

Жан Ахмадиев: Мен “91” тобының балаларымен тікелей таныспын. Оларды шынайы өмірде көргенмін. Тікелей сұхбат та алғанмын. Қарапайым қазақтың қара домалақ балалары. Біреуі тіпті менің жерлесім болып шықты. Ауылымыздың арасы – 5 км. Ол ауылдың жағдайын жақсы білемін. Дәл сондай ауылдан әлгіндей бала шығып тұрғанына қайран қалып тұрмын.

Біздің әншілердің барлығы шығармашылығын тойға бағыттаған – “Қызыл өрік”  немесе “Аспанға қараймын”.  Өзгеден артылып, алшақ қадам жасауға қорқады. Ал “91” тобы Ерболат мырзаның арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Өздері қазақты шетелге таныту мақсатында осылай әрекет еткендіктерін жеткізді. Ал Ринат “Ойбай, бізді шетелге танытпай-ақ қойыңдар сендер. Қазақ ретінде танытыңдар” деді. Қазақ ретінде елді шетелге қалай танытпақ. Қазақтың салт-дәстүрін шетелге көрсетсең, олар бізді жабайы адамдар деп қабылдайды.

Ал осыған дейін төмендегідей сынаған болатын:

Құлағына сырға таққан әншілерді қолдаймыз,
Корейлерге еліктейміз, мүсіндерін сомдаймыз.
Еркек сымақ, қатын тектес 91 деп жар салдық,
Ей қазақтар бүйте берсек, ел болмаймыз оңбаймыз.

Қазақпыз деп жыршы қылдық Сайлаубектей жындыларды.
Ұмыттық біз Бұқар менен Төле бидей құндыларды.

image-130

Фото: instagram.com/zulya_zt/

Дана Нұржігіт: Он жылдан астам таңдаған жолынан жаңылмай, табанды еңбек етіп, бір күн – көл, бір күн – шөл болатын нәсібін бүкіл тобына жұмсап жүрген Ерболатқа орнымнан тұрып қол соғам. Оған да кезінде қанша адам лап беріп, “мына істеп жүргенің қате” деген еді. Ол өзінің мақсатынан бас тартқан жоқ. Біржақты қыңырлық, стереотиптік сана-дамудың жолы емес. Әсіресе өнерде!

Зайытовтың “91” тобының сырт келбетін сынап, тіл тигізіп, “жиіркенемін” деген ауыр сөзін сабырлықпен тыңдап, жұдырық ала жүгірмей (оны істесе де түсінер едім) миығынан ғана күліп қойып эмоцияға, ашуға жол бермей жауап беріп отырған Ерболат мен үшін оппонентінен әлдеқайда жоғары, мәдениетті. Ол қоластындағы топты осылайша спарингке шығарып алды. Мұздай душтың астына тұрғызды. Сынады. “Шыдайсың ба менімен достасуға, Жалаң аяқ су кешіп, тас тасуға”. Конформистер қашан да болған, бола да береді. Оларды тыңдасақ, елден ерек, алыстан асау мінезін білдіретін ұзын шаш қойған әнші, ақындарымыз – Батырxан, Жарасқандар, Қадірлар қайда бізге?

Конформистерді тыңдасақ, сыған қызы Карменді операның бас кейіпкері етіп, көрерменнің ызасын тудырған Бизе тумас еді. “Жалаң аяқ сығанның сайқалын операға арқау еткен дарынсыз” деген жаман атқа қалған Бизе бүгін ел ауызындағы классик. “Арайдан” кетіп, “Алма-Ата студио” болған Серкебаев Байғалидің өзі мұндайды бастан өткерген. АХБК сарайының концерт залындағы алғашқы премьерасынан xалық тұрып-тұрып кетіп қалған. Түсінбеген.

Шашы жалбыраған жігіттер, майкішең тұрып ән салған Батырxанды біреу еске алса, сол біздер. Біздің ұрпақ. Айта берсе көп қой. Өнерде ұқсастықтан жаманы жоқ! Сынасақ “жиіркенемін” деген адами намысқа тиетін, көшедегі бетжыртыстың лексиконына сүйеніп емес, конструктивті, мәдениеттану деген ғылымға жүгініп отырып дәйекті дәлел келтіріп отырып сынайық!

1

Фото: instagram.com/armankonyr/?hl=ru

Дана Бектұрған: Арман Қоңыр бізді үш рет алдап кетті. Үш ретте де таңғы эфирге келмей қалды. Алдын ала хабарласқан кезде “Маған 40-50 рет қоңырау шал. Мен тұрамын. Міндетті түрде келемін” деген болатын. Таңертең баяғы әдетіне басып телефонын сөндіріп қояды. Түстен кейін смс-хат келеді. Ол жерде “Кешірім сұраймын, мен ұйықтап қалыппын” деп жазылып тұрады.

Өзіміздің де аузымыз күймейді. Үш рет шақырып, үш рет алдандық. Қазір үйленіп, Аша Матай тәртіпке салған шығар. Дәл осылай МС Сайлаубек те алдаған болатын. “Міне, келе жатырмын” деп үш сағат күттіріп қойды. Меніңше, жаңадан танылып жатқан әншіге мұндай өтірік кешірілмейтін іспен тең. Жұбаныш аға да үнемі кешігіп жүреді. Оған бесте болатын түсірілімді екіде болады деп айтқан жөн.

3

Данияр Есен: Әншілерден қай жеріміз кем? Олар жүргізуші болғанда біз әнші бола алмаймыз ба?  Ұзақ ойланып, мың толғанып бір ән жаздым. Әншілер теледидарда жүргізуші болып жүрсе, біз неге ән айтпасқа деген ой келді. Әншілерге журналистердің қарымта жауабы болсын деп ойладым.

4

Фото: instagram.com/toregalitoreali/?hl=ru

Анар Мұстафина: Мына кісі бір кісіні еске түсірді. Бірақ алғашқысы ғарышқа ұшып келгендіктен “өзінше” болған.

Мұхит Сапарбаев: Осы әншіні  (Төреғалиді) “Сұхбат” бағдарламасына бірнеше рет қонаққа шақырған болатынбыз. Бірақ сан сылтауын айтып, үнемі келмей қоятын. Журналистер – сіздер мен халықтың арасындағы алтын көпір ғана. Ешкім ешкімге міндетті емес! Жұлдыздықтың да жөні болады. Жерге түс!

Мақпал Рысбаева: Мен тағы болған жайды баяндаймын. Өлеңдеп асыра сілтеу маған жат. Мен сұхбаттың басында дұрыс фонға қойып, қолыңды түсіре ғой деп бұл көріністің эфирде жақсы шықпайтынын айтқым келген. Өрекпіп мұрша бермеді. Бұйырып сөйлеп тұр деп ойлап көтеріліп кетті. Мен содан кейін ғана дауыс көтеріп түсіндіруге мәжбүр болдым. Бары сол. Ел алдында жүрген соң орнымызды білейік. Пікір айтсаңыз да орынды болғай.

5

Фото: instagram.com/berkut_kazakhstan/?hl=ru

Серік Аббас-шах:

Қыран құссың, қырағысың, шиырлаған қиянды,
Төбедесің, елдің емес, жердің бетін жиі аңды.
Тойxана емес Жер-Анамыз, кім көрінген жалдайтын,
Ауып келсе, шибөрілер, қорғайды кім ұяңды?

Ел байлығы талан-тараж, бұл қазақтың соры аздай,
Ұрпағыңа қалдыр енді, Жер-ананың қоры азбай.
Бүркіт деген зор атың бар, самғасаңшы биікке,
Қанатыңмен жер сабалап, бос жүгірмей қораздай.

000

Фото: instagram.com/aikyn/?hl=ru

Нұрсұлу Мырзахметова: Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013 жылғы 23 маусымдағы бұйрығы да бар. Сондықтан ақпараттық қолдау көрсету мақсатымен редакциядан рұқсат алып, белгілі бір шараға қатысу үшін аккредитациядан өттің бе, демек, журналист сол жерден ақпарат алуына құқылы, әрі журналистің ақпарат алуына мүмкіндік жасалуы қажет.

Айқын Төлепбергеннің концертіне дейінгі аккредитация өту арқылы қатысып жүрген шаралардың, мейлі ол концерт, не конференция болсын барлығында да журналистің ақпарат алуына толықтай жағдай жасалып, ұйымдастыру жұмыстарына сын келтірген емес. Әлде Айқын мұндай жүйеден хабарсыз ба? Жаңалық жаршысы журналистердің концертке қатыса алмай қалғанымен баспасөз хатшысының шаруасы жоқ.

Концерт басталып кеткеніне 10-15 минут өтіп кеткеннен кейін, өзіміздің залға кірумізді сұраған соң бірақ, абыр-сабыр кезде бас директордан орын сұрап бермекші. Оның өзінде директордың босағанын күтуіміз керек екен. Сонда Айқын Төлепберген мен көмекшілерінің журналистер жұмысын елемегені ме?


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар: Кімнің жасы үлкен?

Қазақстандық жұлдыздар қандай көлік мінеді

Қазақстандық жұлдыздар балаларын қалай тәрбиелейді

Қазақ сахнасындағы шаңырағы шайқалған жұлдыздар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Анонимно says:

    Пікірлердің ішінде Дана Нуржігіт өте дурыс айтқан.жиіркенемін дегенді өте лас қарай алмайтын затқа айтатын теңеу.Ринат артық кетті

  • Анонимно says:

    Қалай десеңдер де, қолыңды түсір деген жұлдыз емес тындап отырған менің де ашуымды келтірді. Соған қарағанда журналист кіңәлі сияқты. Төреғалидың орнында басқа бір жұлдыз емес азамат болса бұдан да қаттырақ сөздер кетер еді

  • Анонимно says:

    Жұлдыз ауруымен тек əншілер ғана ауырмайды ғой. Журналистердің ішінде де жұлдыз деген ештеңе емес ғаламшарлар жүр ғой. Жалпы жазғыш дегенге əркімнің кемшін тұстарын теріп жіпке тізудің не қажеті бар. Журналистікті таңдадың ба бəріне шыдау керек.

  • Жұмбақ жан says:

    Журналист қауым бəрі орынды.Бірақ əншілер арқылы пиар жасауды сендерде қойыңдар!күріштің арқасында күрмек су ішедінің кебін кеймеңдер.Этика,эстетика жағына мəн беріңдер.Бастысы жаңалық пен өсекті ШАТАСТЫРМАҢДАР!!!!!!

    • Анонимно says:

      Шындығында қазағымыздың əншілері сол танымал болса көкіректеріне жəне бітеді. Қазақта небір сал серілер.бұлбұл əншілер болған.бірақ біздің кəзіргі хит əншілер ұзаққа шаппайтынына көзім жетеді. Себебі əндері тарихта қалмайды

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар