Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тілін жұтып қойған: «Қорғас» аумағында соққыға жығылған шекарашы ауыр жағдайда жатыр

«Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығында 25 жастағы ефрейтор рұқсат қағазынсыз өтіп кетпек болған адамды тоқтатамын деп соққыға жығылған еді. Салдарынан жағы сынып, тілін жұтып қойған шекарашыға сол жерде жүрген саудагерлер мен туристер көмек беріпті. Түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген жігіт ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тілін жұтып қойған: «Қорғас» аумағында соққыға жығылған жауынгер ауыр жағдайда жатыр

Оқиға кеше, 19 қыркүйекте, кешкі сағат 17:00 шамасында орын алған. Күтпеген жерден соққы алған әскери қызметкер есінен танып, құлап қалған екен. Салдарынан басы жарылған жігіттің қансырап жатқанын көргендер оны өліп қалды деп ойлаған. Ол біршама уақыттан кейін ғана есін жиыпты.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, белгісіз біреу өзін «Қорғастың қызметкерімін» деп таныстырып, кезекке қарамастан құжатсыз өтіп кетпек болыпты. Өз кезегінде шекарашы Нұржан Молдаш оның жолын бөгеп, өткізбей қойған. Салдарынан екеуі ерегісіп қалып, шекарашы соққы алыпты. Соққының қатты тигені сонша, ол тілін жұтып қойған. Оған сол жерде болған саудагерлер көмек көрсетіпті. Артынша 25 жастағы жігіттің миы шайқалып, жағы сынғаны анықталды.

«Келіп түскен кезде бас ми жарақаты, бас миының шайқалуы, төменгі жақтың сынуы диагнозы қойылды. Невропотолог, окулист, тиісті мамандардан кеңес алынды. Қажетті ем жүргізілі жатыр», – дейді травматология бөлімінің меңгерушісі Жомарт Нұраханов.

Жас жігіт Жаркенттегі Панфилов аудандық орталық ауруханасында ауыр жағдайда жатыр. Қазіргі уақытта Нұржанды Алматыдағы госпитальға жеткізу мәселесі шешілуде.

Баламның ешқандай кінәсі жоқ. Ол оқуын бітірген тәртіпті бала», – дейді шекарашы Нұржан Молдаштың анасы Жанар Толыбаева.

«Қорғастың» ХШСО басшыларының сөзінше, оқиғаға, керісінше, соққы алған шекарашы кінәлі. Олар төбелесті Нұржанның өзі бастағанын айтып отыр.

Ал шекарашыны соққыға жығып, жағын сындырған 27 жастағы Әзілхан Әзімхан тұтқындалды. Белгілі болғандай, ол қытай тілінің аудармашысы боп жұмыс істеген. Сонымен қатар ол қоян-қолтық күрестен чемпион көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, 19 қыркүйекте Қытаймен шекарада орналасқан «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығының аумағында әскери қызметкер соққыға жығылған еді. Салдарынан шекарашы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Ал қиға орнында болған куәгерлер болған жайтты видеоға түсіріп алып, желіде таратып жіберген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау