Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тері түсі екі түрлі боп туған егіз ұлдарға ата-анасы үйренісе алмай жүр

30 жастағы Тиган Уардилл егіздерге жүкті екенін білген сәтте қатты қуанды. Сол сәтте ол балаларының экрандағы бейнесін көруге асықты. Алайда аяғы ауыр кездің өзінде анасы балаларының бір-біріне ұқсамайтынын байқап таңғалғанын айтады.

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Лукас пен Леви дүниеге келе салысымен әйел олардың екі түрлі екенін аңғарған.

«Екеуінің айырмашылығы қатты байқалады. Левидің шашы қара, ал Лукастың шашы сары. Алғашқы кезде Левидің көзі қою қоңыр түсті болса, Лукастың жанары аспан түстес еді. Негізінде күйеуім қара реңді, ал менің шашым сары түсті», – дейді Тиган.

Егіздердің екі түрлі болуы олардың ата-анасы үшін мақтаныш емес. Тиганның айтуынша, балалардың екі түсті екенін байқаған адамдар неше түрлі сұрақ қойып, ақырында көңіл күйді түсіретін көрінеді.

«Алғашқыда қызық көрінетін. Бірақ уақыт өте келе бұл сұрақ шамымызға тие бастады. Көптеген адамдар балалардың егіз екеніне сенбейді», – дейді анасы.

Жіберіп алмаңыз:

Ерекше әрі сұлу көріну үшін саусағына пирсинг жасатқан бойжеткендер жұртты шошытты (фото)

Босанып жатқан әйел құрсағындағы нәрестені өзі шығарып алды (фото)

Кофе ішуді доғарудың маңызды бес себебі (фото)

11 жасар қыз әкесінің өмірі үшін 5 келі салмақ қосты

Талқылау