Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кофе ішуді доғарудың маңызды бес себебі (фото)

Бәріміз кофенің  зиянды сусын екенін білгенімізбен, оның адам ағзасына қалай әсер ететінін біле бермейміз.  Бұл мәселеде Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге кофе ішуден бас тартудың бес себебін ұсынады.

Кофені шамадан тыс қолданғанда ағзаның жұмыс істеу қызметі бұзылады. Сондықтан өз денсаулығыңызға алаңдасаңыз неліктен кофе тұтынуға болмайтынын біліп жүргеніңіз абзал.

1.Егер балалы болғыңыз келсе кофе ішуді доғарғаныңыз жөн.

Себебі зиянды сусын гармондарға әсер етеді. Кофе тұтыну адреналді кортизолдың, яғни стресс гормонының секрециясын жоғарылатады. Оның деңгейінің жоғарылауы гормональды теңгерімсіздікті тудыруы мүмкін. Бұл жүкті болу мүмкіндігіне және қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін аналық бездегі прогестеронның жетіспеушілігіне әкеледі. Егер жүкті әйел  күніне кем дегенде төрт кесе кофе ішсе, түсік түсіру қаупі шамамен 33%-ды құрайды. Сарапшылар 20 аптадан бері жүктілік кезінде кофенің зияны өте күшті болады дейді.

2.Кофе дәрумендер мен минералдардың сіңірілуіне кедергі келтіреді.

Күніне үш  шыныдан аса кофе немесе кофеин қоспасы бар таблеткаларды пайдаланса адам ағзасындағы В, ПП витаминдерінің күші жойылады. Ол адам ағзасындағы темірді, калийді, мырышты, кальцийді азайтады.150 мл-дегі бір кесе кофе үш сағат бойы кальцийдің сіңірілуін болдырмайды. Сонымен қатар, кофеин денедегі кальцийді жояды, ал кофені шамадан тыс қолданғанда сүйектер сынғыш болады.

3. Кофеин семіздікке әкеледі.

Біз кофеиннің кортизол өндірісін арттыратындығын және бүйрек үсті бездерінің жұмысына әсер ететінін айтқанбыз. Алайда бүйрек үсті бездері метаболизмге ұшырайтын қалқанша безімен бірге жұмыс істейтінін бәрі біле бермейді. Осылайша, қалқанша безінің дұрыс жұмыс істемеуі метаболизмді бәсеңдетіп, артық салмаққа қосуға әкеледі. Егер бірнеше келі салмақ тастағыңыз келсе, кофеден бас тартуыңыз керек.

4. Кофеин бауырға кері әсер етеді.

Кофе сіңімсіз сусын болғандықтан, бауыр асқазандағы зиянды ферменттерді шығаруда көп күш жұмсайды. Ал ферменттер басқа зиянды химиялық заттарға қажет болғанда, бауыр қызметінің жұмысы баяулауы  мүмкін. Сондықтан  кофе  ішетін адамдардың бауыры дұрыс қызмет атқармайды.

5. Кофе әуесқойлары үшін бұл сусын уақыт өте келе әсер етпейтін болады. Бұл өте жаман белгі, себебі қалқанша безіне үнемі қысым түсетіндіктен ол жұмыс істеуін доғарады. Кофе ағзаны адреналин бөлуге  мәжбүрлейді. Ал егер сіз оны жиі ішетін болсаңыз, онда сізге үнемі көп кофеин қажет болады.

Айта кетейік, кофені көп ішкен жағдайда ұйқы безінің қызметі бұзылып, жүйке жүйесінде қиындықтар туындайды. Сондай-ақ кофені жиі ішетін адамдардың иммунитеті төмендейді. Кофеиннің иммундық жүйеге тигізетін зияны көп. Қалқанша безінің  дұрыс қызмет атқармауы әлсіреген иммунитетке алып келеді. Ал бұл түрлі ауруды тудырады. Егер әртүрлі ауруларға сезімтал болсаңыз, кофе ішуден аулақ болуыңыз керек. Кем дегенде сауығып кеткенше, кофеин қосылған сусындарды тұтынбағаныңыз жөн.

Жіберіп алмаңыз:

Жылан аулағыштан қорыққан кобра ұрлап бара жатқан жұмыртқаны құсып жіберді (видео)

АҚШ-та екі басты жылан табылды

Ерекше әрі сұлу көріну үшін саусағына пирсинг жасатқан бойжеткендер жұртты шошытты (фото)

Босанып жатқан әйел құрсағындағы нәрестені өзі шығарып алды (фото)

Талқылау