Босанып жатқан әйел құрсағындағы нәрестені өзі шығарып алды (фото)

Кесір тілігімен босанып жатқан әйел құрсағындағы нәрестені өзі шығарып алды. Ол құрбысына босану кезіндегі сәтті суретке түсіруін өтінген.

Бұл туралы Fox News жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Америкалық Эмили Дайал бірнеше жыл акушер-дәрігер болып қызмет атқарған.

Ол бірінші баласынан кесер тілігімен босану кезінде айырылып қалған. Сондықтан, екінші рет жүктілігін білген кезде өзін-өзі босандырып аламын деген шешім қабылдаған.

Әріптестері оның бұл әрекетін құптап, көмектескен. Ал, фотограф Сара Хилл акушер-дәрігердің босану процесін суретке түсіріп алған.

Дәрігерлер әйелдің ішін кесіп берген, Дайал ішіндегі баласын өзі алып шыққан.

«Бұл сөзбен айтып жеткізуге келмейтін сезім және менің өмірімдегі ең бақытты сәттерімнің бірі», – деп түсіндірді акушер ана.

Ол дүниеге қыз бала алып келді.

Фотограф Хиллдің айтуынша, ота бөлмесінде керемет атмосфера орнаған. Дайал әріптестерімен бірге қуанып, олар құттықтап жатты.

Әйел Facebook желісіне суреттерді жүктеген.

Тағы оқыңыз:

Алматыда әлемдегі ең ұзын құрақ көрпе тігіледі

Павлин ұрлаған ер адам өзге құстардан әзер құтылып шықты

Ота кезінде оянып кеткен науқас жігіт денесіне пышақ тигендегі сезімін атты

Ғалымдар: Жер планетасына жаһандық жойылып кету қаупі төніп тұр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар