Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлин ұрлаған ер адам өзге құстардан әзер құтылып шықты

Американың  Майами қаласында  көшеде жүрген павлинді ұрлап кеткен адамды басқа құстар қуа жөнелген. Құсқа зиян келтірмекші болған ер адамды сол аулада жүрген құстар қуып, ұрыға бөгет жасағысы келген.

Бұл туралы WFTV хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұрының біраз уақыт бойы павлинді жағалап, ақыры ұрлап кеткен сәті бақылау камерасына түсіп қалған. Павлинді ұрлап бара жатқанын көрген өзге құстар ұрының артынан қуып, жете алмаған.

Алайда, полицияға келген жергілікті тұрғындар ұрлық жасаған адамның кім екенін айта алмады. Сол маңайдың  тұрғындары аймақта мекен ететін павлиндерді ұнатпағанымен, оларға біреудің зиян келтіргенін қаламайды.

«Құстар кедергі жасағанымен, оларды ұрлауға жол бермейміз», – дейді тұрғындардың бірі.

Айта кетейік, 2016 жылы Нежехта қаласының 50 жастағы тұрғыны тотықұсты ұрлап кеткен. Ол өзімен сөйлесетін серік іздеп, тотықұсты ұрламақшы болған кезде полияға ұсталып қалды.

Жіберіп алмаңыз:

Ота кезінде оянып кеткен науқас жігіт денесіне пышақ тигендегі сезімін атты

Ғалымдар: Жер планетасына жаһандық жойылып кету қаупі төніп тұр

Ер адам тұрақта қисық тұрған көліктің бір бұрышын кесіп тастады (видео)

Жер бетіндегі “ең ақылды” қала анықталды

Талқылау