Алматыда әлемдегі ең ұзын құрақ көрпе тігіледі

Алматыда Гиннестер кітабына енетін жаңа рекорт орнатылмақшы. Жергілікті тігіншілер әлемдегі ең ұзын құрақ көрпе тігуге дайындалуда. Ұлттық өнімді қала күніне орай қыркүйекте  бірінші президент паркінде көрсетіледі. Ал, көрпені тігу науқаны Наурыз мейрамында басталады.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлады.

Ерекше науқанға кез келген уақыты мен матасы бар адам қатыса алады.

22 наурызда Астана алаңында 45 әйел жалпы ауданы 25 мың шаршы метрлік құрақ көрпе тігеді.

“Қазір біз Крылов атындағы балалар кітапханасындамыз. Бұл жерде мата мен құрақ қабылдайтын штаб орналасқан. Құрақ көрпе осы жерде жүзеге асады. Рекорт жаңартқысы келетіндер болса, осы кітапханааға келсе болады. Күнде шеберлік сабақтары өтеді. Онда құрақ көрпені қалай тігу керегі түсіндіріледі”, – дейді Алматы қаласындағы орталықтандырылған кітапханалық жүйе бөлімінің бастығы Наталья Коваленко.

Айта кетейік, әлемдегі ең үлкен көрпені тігу 22 наурыздан басталып, 20 қыркүйек – қала күніне таман аяқталады.

“ОҚО, Шымкентте 5 метрлі, 3 метрлі құрақ көрпелер бар. Бірақ мен 5 метрден ұзынын көрмедім. Қаанда іс болса да жақсылығымен болсын. қолымыздан келеді әрине. Мен қазір зейнеттемін. Тәлімгер болуғ шақырды, үйретіп, көмектесуге келдім”, – дейді “Алтын шаңырақ” орталығының негізін қалаушы Дәмел Сыздықова.

Жобаның басты ұйымдастырушысының айтуынша, әр тігілген құрақ біртұтастықты, бірлікті білдіреді.

«Құрақ көрпенің әр бөлшегі Отанымыздың сан алуандығын: оның даласын, тауы мен өзенін көрсетеді. Ал басты символы – халық бірлігі. Қазақстанда 130-дан астам  ұлт тұрады.  Көрпенің құрақтары тұтас жамылғыға айналып, еліміздің тұтастығын паш етеді», –  деді жобаның басты ұйымдастырушысы Алматы қаласы Мәдениет және мұрағаттар басқармасының өкілдері.

Тағы оқыңыз:

Павлин ұрлаған ер адам өзге құстардан әзер құтылып шықты

Ота кезінде оянып кеткен науқас жігіт денесіне пышақ тигендегі сезімін атты

Ғалымдар: Жер планетасына жаһандық жойылып кету қаупі төніп тұр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар