Теміртауда достарымен демалып жатқан 20 жастағы жігіт Нұра өзеніне батып кетті

Жұма, 8 Шілде , 2016 18:45

Қарағанды облысы Теміртау қаласында 20 жастағы жігіт Нұра өзеніне батып кетті. Әзірге оның мәйіті табылмады, деп хабарлады қалалық ТЖБ.

20160708171757

Ведомство ақпаратынша, қайғылы оқиға  7 шілдеде кешке  Теміртаудың оң жағалауында Нұра өзенінде орын алды. Жастар демалып жатқанда 20 жастағы жігітті ағыс алып кетті. Досы оны құтқармақ болды, алайда қолынан келмеді.

«112» номеріне аталған хабар кешкі сағат тоғыздар шамасында түсті. Оқиға орнына жедел құтқару құрылымдары жөнелтілді.  Түнгі уақытта жоғалған жігітті іздеу шараларын тоқтатуға тура келді. 8 шілдеде таңертең бұл шаруа жалғасты.

«Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. ҚР ІІМ ТЖК құрылымдары Нұра өзені мен оның маңындағы жерлерді қарап жатыр. Қазіргі уақытта «Екатеринбор-Алматы» трассасындағы көпірге дейінгі 4 шақырым аумақ қамтылды. Жеке құрамның 8 адамы, екі техника мен бір жүзу құралы тартылды», – делінген хабарламада.

Жастар қауіпті жерде шомылғандары айтылды. «Ол жерде ағыс қатты, ал тереңдігі 2 метрге жетеді», – делінген хабарламада.

Құтқарушылардың ақпаратынша, биыл теміртаулық су қоймаларында қайғылы аяқталған осымен бесінші оқиға тіркелді.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда жоғалып кеткен 6 жасар қыз табылды

Астанада жоғалып кеткен балалар Алматыдан табылды

Алматы облысында  дәретхана шұңқырынан тағы бір нәресте табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар