Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртаулық қария немерелеріне ойыншық ретінде жауынгерлік оқтарды сыйламақ болды

Антонович Вершининнің 68 жасына дейін полицейлермен ісі болмаған. Алайда даладан тауып алған жауынгерлік оқ үшін істі болды.

Теміртау тұрғыны Антонович Вершинин бір кездері гараж маңынан жауынгерлік оқтарды тауып алған. Оны үйінде 43 жыл сақтаған, деп жазады “Криминальные новости”.

Зейнеткер Ресейге немерелеріне баратын кезде ескерткіш ретінде оқтарды сыйламақ болады. Алайда вокзалда полицейлердің қолына түсіп, оқ үшін қылмыстық жауапқа тартылды.

Зейнеткер пойыз бекетінде темір іздеуші құрылғыдан өте алмай қалды. Полицейлер қарияның шабаданын ашып, ішінен оқтарды тауып алды.

25 оқтың 16-ы жауынгерлік оқ болды. 6-уы автомат оғы, өзге 6-уы спорттық қарудың оғы.

Қария оларды алып жүру заңсыз екенін білмегенін айтып ақталды. Алайда заң бәріне ортақ болғандықтан іс қозғалды

Қарияның ісіне қатысты сот жеңілдіктерді ескерді. Зейнеткердің шын өкінгенін, үлкен жасы мен ол туралы жақсы мінездемелер айтылғаны жеңілдік болды. Қарияның 6 айға бас бостандығы шектелді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау