Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда фирманың жас қызметкерін лифтінің ішінде қатігездікпен өлтіріп кеткен

8 қарашада Теміртаудағы көп қабатты үйлердің бірінде жергілікті туристік фирманың 32 жастағы қызметкері Наталья Никитинаны қатігездікпен өлтіріп кеткен.

Теміртауда фирманың жас қызметкерін лифтінің ішінде қатігездікпен өлтіріп кеткен

Бұл туралы Etemirtau басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сол күні кешке көп қабатты үйдің тұрғындары лифтінің істеме қалғанын байқаған.

«Сағат сегіздердің шамасында немеремді жаттығудан алып келу үшін лифтімен төменге түстім. Шамамен жарты сағаттан кейін қайтып келсек, лифт істемей тұр», – дейді оқиға орын алған үйдің тұрғындарының бірі Юрий Кулешов.

Көршілері 10 қабатты тұрып қалған лифтіден жас келіншкетің денесін тауып алған. Олар бірден WhatsApp мессенджеріндегі ортақ чатқа жазған.

Теміртауда фирманың жас қызметкерін лифтінің ішінде қатігездікпен өлтіріп кеткен

Оқиға орнына келген полицейлер бірінші кезекте қайтыс болған әйелмен бірге тұрған ер адамды ұстады. Өз кезегінде ол азаматтық некедегі әйелін өлтірмегенін айтты.

Сол күні 37 жастағы әйел ұсталып, ол өз кінәсін мойындады. Айтуынша, оның мұндай қылмысқа баруына қызғаныш себеп болған. Болжам бойынша, күдікті әйел Натальяның азаматтық некедегі күйеуімен төсек қатынасында болған. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Теміртауда фирманың жас қызметкерін лифтінің ішінде қатігездікпен өлтіріп кеткен

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізімдемесіне енгізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай Сембеков.

Натальяның өлімі жақындары мен туыстарын есеңгіретіп тастады. Теміртауға оның Ресейде тұрып жатқан ағасы келген.

«Бұл жағдайда белгісіз тұстары көп. Мәйітханадан келдік. Ондағылар көптеген пышақ жарақатын алғанын, мойны сынғанын айтты. 30-дан астам жерінен пышақтаған. Қайтыс болған адамды қайтара алмайсың, әділ жазасын алсын», – дейді Артем Никитин.

Теміртауда фирманың жас қызметкерін лифтінің ішінде қатігездікпен өлтіріп кеткен

Ал Натальяның әріптестері оның оптимист, мақсатына жете білетін және мейірімді жан болғанын айтып еске алады. Таныстары Натальяның өліміне әлі сене алмай отыр.

«Көп жоспары болған еді. Жаңа жылда Ресейде тұратын әкесіне барғысы келіп жүрген. Сол жағдайды көп күтті. Жақында туған күні болған еді. Ана атанғысы келетін. Өкінішке орай, ана бақытын сезіне алмай кетті. Тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрді. Бүкіл жоспарының күл-талқаны шықты», – дейді Сабина Омельченко.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау