Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Темекі шегіп тұрған бүлдіршін желі қолданушаларын шошытты (видео)

Желіде кезекті дау тудырған видео пайда болды. Видеодан 2-3 жас шамасындағы бүлдіршіннің аузына темекі алып, оттұтатқышпен оны жағуға тырысқанын көруге болады.

Screenshot_6

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше сағат бұрын Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде адам шошырлық видео пайда болды. Видеодан ересек адамдардың дауыстарын естуге болады. Олар кішкентай бүлдіршінді от тұтатуға үгіттеп, темекі шегуді үйреткен. Әдепсіздердің бұл қылығы желі қолданушыларын ашуландырды.

«Мыналар неткен ақымақ еді?», «Санасыздар, мәзсіңдер ғой», «Қазір темекі шегуді үйретсең, бара бара не үйретесіңдер, жетесіздер?», «Балаға обал, қандай сүйкімді бала өзі», – дейді ашынған желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай бірнеше күн бұрын орын алған болатын. 7-8 жастағы мектеп оқушысы елден жасырын түрде темекі шеккен. Видеоның желіде тарап кеткені соншалық, ол туралы шетелдік басылымдар жазған.

Жіберіп алмаңыз: 

Өгей әке 3 жасар қызды бассейнге тұншықтырып өлтірді (видео)

Ғалымдар: Баланың ақылды болуы анасына геніне тікелей байланысты

Қытайдағы қазақ балалары «Қазақстан дауысына» керемет пародия жасады (видео)

Әнші Бүркіт әйелі үшін темекіден бас тартты

Талқылау