Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік басылымдар темекі шеккен қазақ баласы туралы жазып жатыр

Желіде бастауыш сынып оқушысының мектеп ауласында темекі шегіп тұрғаны бейнеленген видеоның пайда болғанын хабарлаған едік.

20160921105844

Онда мектеп формасын киген сегіз жасар ұл баланың темекі шегіп тұрғанын көруге болады. Бейнекөріністі баланың сыныптастары түсіріп, YouTube-қа жариялаған болуы мүмкін.

Бұл туралы шетелдік басылымдар да жаза бастады. The Daily Mirror басылымы: «Ролик Қазақстанда түсірілген болуы ықтимал. Өйткені балалар қазақ тілінде сөйлеп жатыр», – деп жазған.

Видео астындағы комментарийлерде KTL белгісімен шыққан азамат: «Менің ойымша, темекі тартып тұрған бала үлкендерге еліктеп отыр» десе, желінің тағы бір пайдаланушысы: «Ата-анасы темекі шеккендіктен, соларға ұқсағысы келген шығар. Бала кезінде барлығы темекі тартып көрген. Өкініштісі, ол Қазақстанда темекі шегетін жалғыз бала емес», – деп жазған.

Жіберіп алмаңыз: 

Көлік жүргізушісінің темекі шегуіне тыйым салынуы мүмкін

Балалар алаңына темекі тұқылын тастаған астаналыққа 21 мың теңге айыппұл салынды

Ғалымдар: Темекі шегу ер адамдардың жыныс мүшесінің көлемін кішірейтеді

Ким Чен Ын темекіге 42,7 миллион доллар жұмсаған

Талқылау