Көлік жүргізушісінің темекі шегуіне тыйым салынуы мүмкін

Сәрсенбі, 7 Қыркүйек , 2016 18:22

Көлікті жүргізіп келе жатқанда темекі шегуге тыйым салынуы мүмкін. Бүгін Мәжілістің жұмыс тобында “Жол жүрісі туралы” ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын талқылау барысында депутат Омархан Өксікбаев осындай ұсыныс жасады.

Kurenie-za-rulem1

Фото: safety163.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Жүргізуші рульде отырып темекі шегуге оқталып, алаңдаса, ол жолға назары төмендейді, реакция да ақырындайды. Ал темекі шегу барысында қолынан шылымы түсіп кетуі де мүмкін. Оны алуға да алаңдайды, тіпті шегу процесінің өзі адам миына белгілі бір әсер ететіні анық”, – дейді депутат Омархан Өксікбаев.

Сонымен қатар, депутат қолданыстағы заң нормалары бойынша көлік жүргізу барысында телефонмен әңгімелесуге тыйым салынғанын ескертті.

“Ал темекі шеккеннің телефонмен сөйлескеннен артықшылығы не? Мұнда да назарын екі жаққа аударуға соқтырып тұр емес пе? Бүгінгі баяндамада жол апатынан жылына үш мың адамға дейін қаза болатыны айтылды. Дәл қандай заң бұзушылықтар бойынша өлім-жітім көп екені туралы статистиканың жоқтығы өкінішті. Десе де, кез келген мәселеде азаматтар мен олардың қауіпсіздігі бірінші кезекте болуы керек. Бұл да жолдағы апатты азайтуға оң серпін береді деп ойлаймын”, – деді депутат Өксікбаев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Көлікте темекі шегуші, темекінің тұқылын көшеге тастай салады. Жолдың жиегі темекінің тұқылымен ластанады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар