Қытайдағы қазақ балалары «Қазақстан дауысына» керемет пародия жасады (видео)

Сейсенбі, 20 Қыркүйек , 2016 14:14

Қытай еліндегі қазақ балалары «Дауыс» деп аталатын халықаралық ән жобасына өзара ұйымдаса отырып, езу тартқызар пародия жасаған.

20160920103408

Бұл күлкілі әрі шынайы ән жарысы TencentVideo (讯视频:v.qq.com) порталына жүктелген екен. YouTube-тің баламасы іспетті «Тың шұң» –  Қытайдың ең ірі Онлайн видео медиа-платформасы. Медиа-платформаны шамамен 600 млн адам пайдаланады екен.

Балалар ән жарысына «Халықтың қалауы» деп ат берген. «Конкурсанттардың» бірі – Гүлерке Жұматқызы. Жүргізуші оны сахнаға шақырған соң, ол «балпаң-балпаң балапандай, тамсандырған тамашадай» деп өнер туралы ән шырқап шығады. Балалар үшін шөрке – телеарналардан көретін қызыл креслоның, қызыл тетікше – домалақ тас, тіс пастасының қабы – микрофонның қызметін атқарған.

Гүлерке ән салап біткен соң, «тәлімгерлердің» жасы үлкені «әніңді жақсы айттың. Жоғарғы дауысың өте жоғары, төменгі дауысың өте төмен. Дыбысың тайып тұр. Пысықта. Маған келсең мен сені атақты әнші қыламын» деп Гүлеркені өзіне тартады. Келесі бір «төреші» болса оған «әнің әлі піспей қалыпты, үйіңе барып дайындалып кел» деген ақыл айтады. Үшінші төреші кішкентай қыз әнді жақсы айтты деген пікірді ұстанса, төртінші – үш жігіт төрешінің арасындағы қыз тәлімгер Гүлеркенің киіміне сын айтқан. «Киіміңді жақсылап кимепсің, бұдан кейін киіміңді жақсылап киіп кел. Маған келсең, мен сені атақты әнші қылдырамын», – дейді. Жобаға қатысқан «болашақ жұлдыз» киіміне қатысты сын айтқан соңғы тәлімгерді таңдайды.

Бұл «Халық дауысы» Қытай Халық Республикасында қазақтар көп мекенденген аймақтың бірінде түсірілген сияқты. Балалар қазақтың көне сөздерін араластырып сөйлеп тұр.

Жіберіп алмаңыз: 

Пекин әуежайындағы қазақ балаларының өнері таңқалдырды (видео)

Әлжаппаров пен Спабековке балалар пародия жасап жүр (видео)

“Алло” әніне жасаған балалардың пародиясы интернет қолданушыларын елжіретті (видео)

“Алло” әніне клип түсірген кішкентай балалар өз жұмыстары жайлы айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар