Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек күйеуінің рұқсатымен киінетін эстрада арулары кімдер?

Қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұптар киім таңдау мәселесін қалай шешетіндерін әңгімелеп берді. Мәселен, екі ұлдың анасы атанған Айша Бүркіттің талап-тілектеріне құлақ асып, ренжітпеуге тырысса, Жанболаттың Жазирасы бірде бір киімін күйеуінің рұқсатынсыз кимейтін болып шықты.

zhazira aisha veee

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Әнші Бүркіт Айшаның сахналық киімдерін қатаң қадағалайтынын, алайда күнделікті өмірде киетін «шүберектеріне» араласпайтынын тілге тиек етті. Ал Айша алғашқыда кез келген киімді кимес бұрын Бүркіттен рұқсат сұрайтынын, ал бүгінде оның талғамын бес саусағындай жатқа білгендіктен өз талғамымен киінетінін жеткізді.

«Бұрын көбінесе рұқсат сұрайтынмын. Қазір өзім де таңдай беремін. Бір жағынан қазір өзіме ненің әдемі жараса кететінін білемін. Оған да ұнайтынын біліп тұрамын. Қандай жағдайда да Бүркітке ұнауын ескеремін. Соңғы кездері өзім таңдап жүрген, дизайнерлермен ақылдаса киіп жүрген көйлектерім оның көңілінен шығуда», – деп атап өтті Айша.

Сол сияқты сахнаның көркін келтіріп жүрген жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның киімді қалай таңдайтыны белгілі болды. Әпкесі Ләззат Байырбекованың айтуынша, Жазира көйлек таңдауда тек қана жарының пікіріне сүйенеді. Бұл ақпаратты Жазираның әкімшісі Ерке Ибрагим де растай кетті.

«Көбіне киімдерді Жанболат ағаның келісімен киеді. Көйлектері ол кісіге ұнауы керек. Ол кісіге ұнаған жағдайда ғана Жазира ол көйлектерді сахнаға киіп шыға алады», – деп атап өтті ол.

Ал жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбітте бәрі басқаша. Серіков мырза жұбайына ешқашан киер киіміне қатысты бұйрық бермейтін көрінеді. Оған Сейдуалиеваның мына бір сөзі дәлел:

«Негізі мен бірінші киініп аламын. Тоқтар маған қарап ыңғайланады».

Тоқтар Серіков те жұбайының сөзін жоққа шығармады.

«Бейбітке қарап киінемін. Оның киіміне үйлесімін тауып тұрған киім киюге тырысамын. Өзі таңдайды. Бірақ енді артық киім кимейтініміз белгілі. Жақсы киімдер киіп шығады. Бейбіт қысқа кимейді, ал мен алабажақ ешқашан кимеймін», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева Алматыдағы молдалардан көңілі қалғанын айтты

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

Түркия әншісі Бурай: Отбасым бар, бірақ қазақ қызынан тоқал алғым келеді

Бүркіт неліктен кезінде ұятсыз бейнебаянға түскенін айтып берді (видео)

Талқылау