Тегін жер алудан үмітті халық тағы жиналды

Жұма, 3 Маусым , 2016 22:39

Бұл жолы тұрғындар Алматының Алатау ауданында бас қосып, жердің нақты қай жерден берілетінін сұрады. Ең қызығы, әкімдіктегілер  жер алуға өтініштердің барлығын  қабылдап,   әр  өтініш берушіге  10 күннің ішінде “жер жоқ” деген жауапты қайтарамыз деген.

0

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жұрт сасатын сыңай танытпаған, керек болса полиция мен омонның итергеніне де төтеп беруге дайын. Керісінше костюм киіп көп арасынан көзге түскен шенділерден маза қашты. Сондықтан олар жиналған халықты тарқатуға кірісті.

“Сіздерге жағдай жасап, арнайы міне автобустар қойылып отыр. Осы автобустарға отырып қазір Жетісу ауданындағы, Құлагер ықшам ауданындағы Цонға барыңыздар. Онда ешқандай кезек жоқ. Сол жерге барып өтіштеріңізді қалдырыңыздар”, – дейді Алматы қаласы ішкі істер саясаты басқармасының қызметкері Нұрлан Сыдықов.

Әйтсе де әлеумет әкімдіктегілердің ғажап мейірбандығына аса құлақ аспады. Халыққа қызмет көрсету орталығын қоршауға алып, ішке басып кіруге талпынды. Бірақ бұл жолы жер комиссиясының мүшелері  жағдайды егжей тегжейлі түсіндірмек болды.

“Құрметті халайық, қазір осы жерде босқа сандалып, өз уақыттарыңызды алып жатырсыздар. Алматы қаласының шеңберінде жер жоқ және Алматы қаласынан жер беруге сіздерден өтініштер қабылданбайды. Қателеспесем Алматы қаласынан басқа кез келген жерде, жерге өтініш қабылданады”, – дейді Жер комиссиясының мүшесі Дәурен Бабамұратов.

Алайда, белсенді Дәурен мырза қатты қателескен еді. Ешбір мемлекеттік органның азаматтар өтінішін қабылдамауға қақысы жоқ.

Алматы қаласы бойынша жер алуға қазірдің өзінде 100 мыңнан астам адам өтініш білдіріпті. Ал республика бойынша милионнан асып жығылады бұл көрсеткіш. Халық жер кодексіндегі  50 баптың 2 тармағы бойынша әрбір азамат 10 жүздік жерге иелік ете алады дегенді басшылыққа алған. Ал, биліктегілер инфрақұрылымы дайын емес аймақтан бірде-бір жер берілмейтінін шегелеп айтып отыр.


Жіберіп алмаңыздар:

Сергей Кулагин: Меншігімде 80 мың гектар жерім бар

Жер комиссиясының мүшесі қазақ тіліне қарсы шығып, орысша сөйлеуді ұсынды

Шаханов: Аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті Жер туралы заңға енгізуіміз керек

Жалға берілген Қазақстанның 12 мың гектар жерін шетелдіктерден сот арқылы қайтармақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар