Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузияда үш күннен бері "шетелдік агенттер" туралы заңға қарсы жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр

Тбилисиде 17 сәуір күні кешке Грузия парламенті "Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдағаннан кейін мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: inosmi.ru

Наразылыққа қатысушылар үкімет ғимаратының алдына келіп, Грузияның премьер-министрімен кездесуді талап етті.

Сондай-ақ олар парламент ғимаратының жанындағы Руставели даңғылында көлік қозғалысын жауып, "Ресей заңына жол жоқ", "Орыс арманына жол жоқ", "Еуропа – өркениет жолы" деп ұрандаған. 

Тбилисидегі DW тілшісінің хабарлауынша, бұл жолы парламент ғимараты маңында 16 сәуірде митингке 15 мыңға жуық адам қатысқан.



Ал Франс Пресс агенттігі келесі күні 20 мыңға жуық адам наразылық білдіргенін жариялады.

Еске салайық, Иерусалимде үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен халық төрт күндік наразылық шеруін бастады. Наразылық акциясын ұйымдастырушылар премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен. Сонымен қатар наразылыққа шыққандар Израильде мерзімінен бұрын сайлау өткізуге және ел басшыларын Газада тұтқында отырған 130 тұтқынды босатуға мүмкіндік беретін келісімге келуге шақырды.

Талқылау