Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайваньда 15 жыл отасқан отбасы әйелінің жылына бір рет жуынатыны үшін ажырасты

Тайвань тұрғыны сотқа әйелімен ажырасу туралы арыз жазды. Олар үйленгеннен бері әйелі оған психологиялық азап көрсетіп келгенін айтты. Әйелі жылына бір рет жуынатын көрінеді. Бұл туралы The Taipei Times хабарлады.

Ер адам арызында әйелінің аты-жөнін жасырмаған. Әйелінің тегі Лин. Ол жылына бір рет душ қабылдайды. Тіпті, күнделікті тіс жуудан және тұрақты түрде шашын жуудан бас тартқан. Әйелінің салақтығынан олар жылына бір рет жуынғаннан кейін ғана бір –бірінің сүйіспеншілігіне бөленеді екен. Сондықтан да, олар 15 жылда бір бала да сүйе алмаған.

Күйеуінің айтуынша, Линмен кездесіп жүрген кезінде ол аптасына бір рет жуынып жүрген, ал, үйленгеннен кейін жылына бір жуынуды бастағын.

Әйел өзінің жұмыс істмегенімен қоймай, күйеуіне жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген. Лин күйеуін ешқайда жібермей өзінің мүгедек әкесін бақтырып қойды дейді арыз жазушы.

“Мен күзетші болып жұмысқа тұруға мүмкіндігім болды, бірақ Лин ол жұмысты кемсітіп, менін орналасуыма тыйым салды”, -деп жаазған арызында ер адам.

Нәтижесінде олар өте кедей тұрып, медициналық тексерулерге, ең болмаса тіс дәрігеріне баруына мүмкіндіктері болмаған. Осыған дейін өмір сүруіне Линнің анасы ақша беріп тұрған.

2015 жылы некелескендеріне 13 жыл болғанда р адам үйінен шығып жұмысқа орналасуға Синьчжу қаласына кетіп қалды. Әйелім жұмыстан шығуымды талап ете бастағанда, мен ажырасу жөнінде арыз жазуды шештім дейді әбден күйінген ер адам.
Ал, Линның айтуынша, күйеуі өтірік айтып, телефон тұтқасын алмағасын, оның жұмысына келген.

Сот отбасында  жұмыс, отбасылық міндеттер, гигиенаға қатысты қиындықтар туындағандықтан олардың ажырасу туралы арызын қанағаттандырды.

Тағы оқыңыз:

Дидар Кәден әйелі Aeka Posh-пен ажырасқанын мойындады

Мақпал Жүнісова мен Кенжебек бірігіп бейнебаян түсірді (видео)

Ерке Есмахан Дубайды Ferrari-мен аралағанын айтып мақтанды (видео)

Айқын мен Жұлдыз ұлдарымен бірге Таиландта ұсталып қалды (видео)

Талқылау