Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Таяқ жеген күндеріме рахмет": Алтынай Жорабаева экс-күйеуі Сәбит Әбдіқалықовпен енді кездескісі келмейтінін айтты

Алтынай Жорабаева өмірден сабақ алып, ұрса да жары Сәбитке алғысты екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алтынай Жорабаева «Өнер мен өмір» бағдарламасына берген сұхбатында жарына алғыс айтты. Төрт қызының дүниеге келгеніне қуанатын өнер иесі, тіпті, Сәбиттің ұрғаны үшін де риза екенін жеткізді. Егер ондай жағдайлар болмаса, өмірде өзімді таппас едім дейді.

"Сәбитке рахметімді айтамын. Алланың қалауымен төрт қызым дүниеге келді. Төрт қыз туғаныма, таяқ жеген күндеріме рахмет айтамын. Мен бұрын кішкентай кезімде өте ұяң қыз едім. "Сен тимесең, мен тиме бадыраң көздің" кейпінде едім. Өмір болғаннан кейін, әртүрлі нәрсені көргеннен кейін адам піседі екен", - дейді Алтынай Жорабаева.

Қанша жерден Сәбитке алғыс айтса да енді өміріне араласпай өз жолымен жүргенін қалайды өнер иесі.

"Дұрыс болмаса да, өмірден үлкен сабақ алып, ашылып, етек-жеңімді жинадым. Бізге көмектеспегеніне де ренжімеймін. Бірақ, өмірімізде кездесепесе екен деп тілеймін", - дейді ол.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр