Тәуекел Мүсілім өзіне берілген оқу грантын мұқтаж жанға сыйға тартты (фото)

Талай қыздың арманы болған сері Тәуекелдің қолы ашық, көңілі кең, мәрт азамат болып шықты. Танымал актер, тележүргізушіге Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры тегін оқу грантын ұсынған. Алайда,өзінің болашағын тек өнермен елестетін жігіт бұл грантты мұқтаж жандарға сыйға беруді жөн санапты. Ол туралы Тәуекел тіс жармаса да, сыйлықтың иегері ағынан жарылып, алғысын айтып Stan.kz тілшісіне экслюзивті сұхбат берді.

– Сәлеметсіз бе, Шынар. Ең әуелі отбасыңыз, өзіңіз туралы таныстырып өтсеңіз…

– Мен Алматы қаласы, Қалқаман ауданындағы №157 мектептің 2017 жылғы түлегімін. Мектепте үздік әрі үлгілі оқушылардың қатарынан болуға тырыстым. Отбасында екі інім мен сіңілім бар. Анам балабақша тәрбиешісі болып қызмет атқарады. Өзіміздің үйіміз жоқ. Қалқаманда пәтер жалдап тұрамыз. Әкеміз бізден бөлек болғандықтан, үйдегі біздің жалғыз асыраушымыз, тірегіміз – анамыз.

– Үздік оқушы болсаңыз да, жоғарғы оқу орнына түсе алмай қалдыңыз ба?

– Иә, мен мектепте жақсы оқыдым. Алайда, тестілеу нәтижесі бойынша жинаған балып грантқа түсуге мүмкіндік бермеді. Бақ шаба ма, бап шаба ма деген осы шығар?! «Биыл оқи аламын ба, жоқ па? Оқуға ақшаны қайдан табамын? Қалай жинаймын?» деген сауалдар санамды сан-саққа жіберді. Үміттен күдігім басым кезде маған Тәуекел ағайдың ұсынған гранты керемет тосын сый болды.

– Тәуекел Мүсілім оқу грантын сізге бергенде қандай көңіл-күйде болдыңыз?

– Жасыратыны жоқ, бұл жаңалықты мектептегі тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші апайым айтқанда анашым екеуіміз қатты қуанып, қуаныштан көзімізге жас алдық. Аллаға шүкір, сол кісінің демеуінің арқасында мен де ел қатарлы студенттік өмірге ойланбастан аяқ бастым.

– Ол кісінің өнерімен таныс па едіңіз?

– Иә, өте мықты актер, әнші, тележүргізуші ретінде білетінмін. Грантқа балым жетпей уайымдап жүргенімде апайлар қоңырау шалды, кейіннен көмекшілері байланысқа шығып менің отбасылық жағдайыммен танысып, шын ниеттен көмектескілері келетіндіктерін жеткізді.

Олардың айтулары бойынша Тәуекел ағай мен қазір оқып жүрген ҚазҰТУ-тінің үздік түлектерінің бірі екен. Сол себепті университет ректоры Тәуекел ағайға Ректорлық грант сыйға бергісі келген. Тәуекел ағай болса, ол грантқа өзі оқығаннан гөрі оқуға жағдайы жетпей жатқан, талапты, білімді, тәрбиелі түлекке бергісі келетінін университет әкімшілігіне жеткізіпті. Әкімшілік те қуана келіскен. Тәуекел ағай мектептерден грантқа лайықты деген түлектерді саралап, ішінен мені таңдапты. Менің жанашыр ұстаздарым анамның жалғыз өзі төрт баланы асырап, ай сайын пәтер ақы төлеп жүріп, мені оқыта алмай қалатынын айтып, ұсынған екен. Анам екеуіміз қуана келістік.

– Мамандығың қандай? Қаншалықты грант сақтап оқимын деп ойлайсыз?

– Мамандығым Мұнай-газ ісі. Яғни, ҚазҰТУ-інің дәрежесі ең жоғарғы мамандығы. Құжаттарды тапсырғаным кезде қалаған мамандығымды таңдауға рұқсат берді. Сондықтан қиын да болса сұранысқа ие, үздік мамандар даярлайтын осы бағытты таңдадым. Мен мектепте де университетте де барынша жақсы оқитындардың қатарында болуға талпынамын. Әзірге оқу нәтижелерім жақсы. Мұндай мүмкіндік көпке берілмейді, сондықтан мен барымды салып оқып, мықты маман атануға тырысамын.

– Тәуекел грантты табыстайтын кезде өзі келді ме?

– Иә, маған «Ректорлық грант иегері» деген дипломымды табыстау үшін университетіміздің ректорының арнайы қабылдауында болдым. Сол кезде Тәуекел ағай келді. Маған күлім қағып, ізгі тілектерін жаудырды, үлкен үміт артатынын жеткізді. Мен де мұндай үлкен үмітті ақтауға тырысамын. Тек теледидардан көріп жүрген актер, тележүргізуші, танымал тұлғаны өмірде көрген кезде өз-өзіме сенбедім. Өте қарапайым, жылы жүзді, ақжарқын кісі екен. Мен ол кісіге өзіме тілеген бақыттың бес есесін тілер едім. Себебі, ол кісі мені мүлде танымайды. Соған қарамастан үлкен қолдау көрсетті. Тәуекел ағай болмаса мен қазір жұмыс істеп, оқи алмай жүретін едім. Және де Ректорлық грант алғаннан соң ол кісі университетте өтетін бірнеше іс-шараға арнайы уақытын бөліп келіп қатысуы керек екен. Сол талапты мақұлдады. Яғни, бейтаныс адамның білім алуы үшін өзінің алтын уақытын бөлуге дайын азамат екен. Көп-көп алғыс айтқым келеді. Бұл туралы мақтаныш етіп айтуды ол кісі жөн көрмеген. Алайда, мен өзге де жұлдыздарымызға үлгі болса дедім. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» деген керемет сөз бар. Сондықтан, өзім сіздерге хабарласып, сүйінші және қуанышты жаңалықпен бөлісіп, алғыс айтуды жөн көрдім.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Серікбол Сайлаубек бір тиын шығармастан сапалы бейнебаян түсіргенін айтып мақтанды (фото)

Алматы облысында қайырымды жандар жағдайы нашар отбасыға зәулім сарайдай үй салып берді (фото)

Сынақтан сабақ алдым: Кенжебек Жанәбілов науқас балаларға арнап мектеп ашпақшы

Асылым 1 жаста: Арман мен Ашаның тойға дайындығы қалай? (фото)

Мақпал Жүнісова Инстаграмға “ішкен-жегенін” салатын әріптестерін сынап тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар