Серікбол Сайлаубек бір тиын шығармастан сапалы бейнебаян түсіргенін айтып мақтанды (фото)

Жаңа жылға дайындық шоу-бизнес өкілдерінің арасында басталып кеткендей. Бірі жаңа образдар дайындаса, енді бірі жаңа жылға арналған ән жазуда. Ал, Серікбол Сайлаубек тіпті, жаңа жылдық бейнебаян түсіріп үлгерді. Түсірілім алаңына барып келген Stan.kz тілшісі баяндайды.

Қазіргі таңда бейнебаян түсіру оңай емес. Қыруар қаржы, жақсы ән, ерекше локация керек. Ал, бұл қиындықтарды жеңгеннен соң түсірілім барысында да талай сынақтардың кездесетіні рас.

«Бүгін мен «Жаңа жыл» деген жаңа әнге бейнебаян түсірудемін. Оны жалғыз орындамаймын. Кішкентай Адика есімді бүлдіршінмен дуэт болып жаздырдық», – деп мән-жайды түсіндіріп берді әнші.

Бейнебаянда балаларға ұнайтын кейіпкерлер өз рөлдерін сомдайды. Тіпті, олар тіріліп, балақайлармен бірге ойнауы қажет.

«Бейнебаян түсіру оңай емес. Өздеріңіз байқап тұрсыздар, қазір түсірілімге қажетті светтеріміз жанып кетті. Соларды ретке келгенше біз де демалып аламыз», – дейді Серікбол.

Бұл осы түсірілім барысындағы тек алғашқы қиындықтар еді. Көп ұзамай «мотор» деген бұйрық берілген соң балапандармен үлкен қиындықтар туындады. Ол туралы Серікбол былай дейді:

«Шынымды айтсам, балалармен жұмыс жасайтын жандарға дән риза болып тұрмын. Тіпті, басымды исем деймін. Себебі, қазір түсірілім барысында балаларды режиссер қалағандай образға енгізу, айтқан әрекеттерді орындату еш оңай болмай тұр.

Бірі ойнап кетеді, енді бірі мына қуыршақтарымыздан қорқып жылап, көнбей қалуда. Бұл балақайлардың арасында өзімнің де қызым бар. Есімі – Сәния, 2,5 жаста. Жаңа өздеріңіз көрдіңіздер аюдан қорқып, жылап бәрімізді аяғымыздан тік тұрғызды. Осындай тосқауылдардың кесірінен түсірілім ұзаққа созылуда».

Айтпақшы, аталмыш бейнебаянды түсіру үшін Серікбол Сайлаубек түк те қаржы жұмсаған. Оның режиссер достары бұл туындыны су тегінге түсіріп беруге келіскен. Ән де, әннің мәтінін де танымал әншіге сый ретінде бұйырыпты.

«Иә, бейнебаянға да, әнге де ақша жұмсамадым. Бұл менің сараңдығым емес, достарымның сыйы. Әйтпесе, ән өңдеушіге 150000 теңге төледім. Егер басқалары да еңбекақыларын сұраса, мен ренжітпеймін. Себебі, әр істің бағалануы керек екендігін жақсы білемін», – деп ағынан жарылды тойдың хитмені.

Ал, аталмыш бейнебаян қараша айының ортасында көрерменге жол тартпақ. Өзге әріптестері секілді жұлдыздардың басын қосып, тұсаукесерін өткізуге әншінің уақыты жоқ. Бастысы, тегіннің суы татымастың күйін кешпесе болғаны.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Бұрын-соңды болмаған кеш өткіземін: Өмірқұл Айниязовтың жеке концерті несімен ерекшеленбек?

Атағы дардай әншілер “Бала дауысы” жобасының қатысушыларына лайықты көңіл бөлмеген (фото)

Асылым 1 жаста: Арман мен Ашаның тойға дайындығы қалай? (фото)

39 жасқа толған Алтынай Жорабаева туған күнін қымбат мейрамханада атап өтті (фото, видео)

Мақпал Жүнісова: Анам екінші рет тұрмысқа шығуыма қатаң түрде тыйым салды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар