Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атағы дардай әншілер “Бала дауысы” жобасының қатысушыларына лайықты көңіл бөлмеген (фото)

Күні кеше «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының биылғы үздіктері анықталды. Жас әншілер арасындағы шоуды тамашалап қайтқан Stan.kz тілшісі эксклюзивті материалды назарларыңызға ұсынады.

Айта кетейік, аталмыш сайыста еліміздің әр аймағынан келген 7 мен 13 жас аралығындағы таланттар өзара бәсекеге түскен болатын. Үш кезеңнен тұратын доданың нәтижесінде Қызылорда қаласының намысын қорғаған Назерке Шамбилова гран-приді еншіледі.

«Музыкамен айналысқаныма 7 жыл болды. Мен 13 жастамын, 7-ші сыныпта оқимын. Туылған жерім Байқоңыр қаласы. Қарсыластар да осал емес. Ендігі жоспарым әлемдік деңгейдегі сахнаға шығу», – дейді «Бала дауысы-2017» байқауының бас жүлдесін еншілеген Назерке Шамбилова.

Назеркенің жұлдызды тәлімгері Әсет Арыстанбек. «Алау» тобының әншісі байқау барысында шәкіртінің әр қадамына жіті қадағалап, әрдайым жанында болған. Алайда, уақыттың тапшылығынан, жас қатысушыларды қолдауда сараңдық танытқан танымалдар да жоқ емес. Мәселен, Нұржан Керменбаев ақтөбелік жас әншінің ұстазы. Алайда, қара бала жарысқа дейін Назгүл есімді шәкіртін әуре-сарсаңға салғанын жасырмады.

«Менің концертім келе жатыр. Сол себепті мен Назгүлге көп уақыт бөле алмадым. Оны да шындық ретінде айту керекпін. Мен бірде-бір дайындыққа қатысқан жоқпын. Мен жана ғана сахнаға келдім. Назгүл қатты уайымдапты. Бұл қарындасым мен келе алмай қала ма деп қорқыпты», – дейді Нұржан Керменбаев.

Ал, Атырау облысында жүйрік деп танылған Дінмұхамед Нұрқабаевқа жетекшілік еткен Серік Ибрагимов, байқауыдың алғашқы күні би қойылымдарында азды-кем қателіктерге бой алдырғанын мойындады.

«Дінмұхамедтен ешқандай қателік болған жоқ деп ойлаймын. Ал, менен кішкене би қимылдарынан, аяғым шатасып кетті. Бірақ, өзім сол әннің барысында ілесіп алдым», – дейді Серік Ибрагимов.

Алайда, шәкірті үшін барын салып, дайындыққа дер кезінде келген белсенді әншілер де бар. Бірақ, саусақпен санарлық қана…

«Тәлімгерлер биыл балаларды барынша қолдады. Мақпал Исабекова, Луина, Медеу Арынбаев Толқын Забирова және «Алау» тобының әншісі Әсет Арыстанбек сынды 4-5 өнер иесі белсенділік танытты», – дейді Толғанай Хасен есімді байқау ұйымдастырушысы.

Ал, жүзден жүйрік шығып, гран-приді иемденген қызылордалық жас әнші Назерке Шамбилова, ата-анасымен шет елге жолдама ұтып алды.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Сынақтан сабақ алдым: Кенжебек Жанәбілов науқас балаларға арнап мектеп ашпақшы

Тараз тұрғыны Аша Матайды тікелей эфирде ұялтып, кемшілігін бетіне басты

Асылым 1 жаста: Арман мен Ашаның тойға дайындығы қалай? (фото)

Мақпал Жүнісова Инстаграмға “ішкен-жегенін” салатын әріптестерін сынап тастады

Талқылау