Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қайырымды жандар жағдайы нашар отбасыға зәулім сарайдай үй салып берді (фото)

Діни басқарма жанындағы «Зекет» қоры Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылында өмір тауқыметін тартқан, асыраушысы жоқ отбасыға үй салып берді,-деп хабарлайды Stan.kz.

Рогоза Галина апаның бір қызы жұмысқа жарамсыз. Зейнеткердің қызы өкпе рагы дертімен күресіп жүргеніне бірнеше жыл болып қалыпты. Одан бір немере қызы бар. Оның жоғарғы білімі жоқ, күнделікті диқаншыларға жалданып, егістікте жұмыс істейді. Одан үш шөбере бар, екі ұл, бір қызы мектепте оқиды.

Апаның ұлты молдован.  Жергілікті мешіттен  үнемі азық-түлік, қаржылай көмек алып отырған. Кейіннен үйлерінің апатты жағдайда тұрғанын айтып, арыз жазыпты.

Имамдар тексере келе үйлерінің расында да апатты жағдайда екенін көріп, жаңа үй салып беруге шешім қабылдаған. Нәтижесінде дін қызметкерлері тұрмыс тауқыметін тартқан отбасына зәулім үй салып берді. Қысқа бұл отбасы айтарлықтай дайын десек болады. Себебі мешітте қызмет ететін қайырымды жандардың арқасында  жылы әрі жаңа үй мен азық-түлікпен қамтамасыз етіліп отыр.

Оқи отырыңыз:

Енді «шуба» жарнамалағандар жауапқа тартылады

Ақмола облысында мамонттың сүйектері табылды

Әліпби оқимыз: латынға арналған бейнеролик жарияланды

Талдықорғанда өз ұлын зорлаған мектеп директоры сотталып жатыр

Талқылау