Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тасқыннан улы өрмекшіні құтқармақшы болған әйел суға түскен (видео)

Австралия тұрғыны Андре Гуфтон тасқын кезінде улы өрмекшіні құтқару үшін суға түскен. Ол ағаш бұтағына тырмысып тұрған жәндікті қалай құтқарғанын видеоға түсіріп, оны өзінің Facebook парақшасына жүктеген.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға Квинсленд штатының Галифакс қаласында болды. Видеода ысқырық шығаратын улы өрмекшінің авокадо ағашының бұтағына жабысып тұрғаны көрсетілген. Хуфтон ағынмен шайылып кетуге аз-ақ қалған жәндікті алақанына алмақшы болады. Кейін суға түсіп өрмекші жабысып тұрған бұтақты алып, жәндікті жерге жібереді.

Ысқырық шығаратын улы өрмекші Австралиядағы ең үлкен буынаяқтылардың бірі. Оның уы адамдарға қауіпті емес. Бірақ бұл өрмекші шағатын болса, адам қатты уланып бірнеше сағат бойы құсуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Көзіне есірткі егіп соқыр болып қалған қыз арманын айтты

Бермуд аралынан төрт жыл бұрын көмек сұраған жолаушының бөтелкеге салынған хаты табылды

Бала күтуші солярийге бару үшін 11 айлық сәбиге ұйықтататын дәрі беріп келген

Әлемдегі алғашқы ұшатын автокөлік сатылымға шықты 

Талқылау