Бала күтуші солярийге бару үшін 11 айлық сәбиге ұйықтататын дәрі беріп келген

Балабақша иесі солярийге және жаттықтықтыру залына бару үшін балаларға  мелатонин берген.  Үйінде заңсыз балабақша ашқан Джануэй Нисерлиннің қарамағында жеті бала болған.

32 жастағы әйелдің бұрынғы сүйіктісі оның  балаларға қарамай, үнемі басқа іспен айналысып жүретінін полияцияға хабарлаған. Бұл туралы Mirror басылымы жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Орегон штатының полициясы бұрынғы жігіттің нұсқауларын алғаннан кейін Джануэйді бақылауға алған. Содан әйелдің  алты айдан төрт жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдырып, үнемі  үйден кетіп қалатыны белгілі болды. Сөйтсе осы уақытта ол солярийге және жаттығу залына барады екен. Кейін полиция қызметкерлері күтуші әйелдің үйіне басып кіргенде, бет-аузы құсықтан көрінбей ұйықтап жатқан баланы көрген. Олар қараусыз қалған сәбилердің қандай жағдайда болғанын көріп, шошыған.

Нәтижесінде сот Джануэйді қылмыстық кодексте көрсетілген 11-бап бойынша балаларға үшінші дәрежелі шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп, 21 жылға бас бостандығынан айырды. Әйел 11 айлық баланы соншалықты қатты жұлқылағаннан кейін, сәбидің басынан қан кетіп және ісініп ауруханаға жатқызылды. Сот үкімі жарияланғанда күтуші әйелден жәбір көрген балалардың ата-аналары, яғни 30 адам болған.

Жіберіп алмаңыз:

Әлемдегі алғашқы ұшатын автокөлік сатылымға шықты 

Араққа тойып алған ер адам әйелінің көлігін сындырды (видео)

Әнші жігіт сүйіктісін шайтаннан құтқарамын деп тамағына 33 сарымсақ тығындап өлтіріп алды

“Бойдақтықпен қоштасу” кешіне жиналған 11 қыз ұшақ апатынан қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар