Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Араққа тойып алған ер адам әйелінің көлігін сындырды (видео)

Ер адам тұрақта тұрған әйелінің RAV4 маркалы көлігін өзің Toyota Land Cruiser автокөлігімен соғып, зақым келтірді. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған. Желіге бейнежазба таралып кетті.

Оқиға Челябинск облысы Катав-Ивановск қаласында орын алды.

Жергілікті БАҚ-тың жазуы бойынша, ер адам сол күні әйелімен сөзге келіп қалған.

«Тек менікін емес», – деді оқиғаны видеоға түсіріп тұрған куәгер.

Онда  ер адам RAV4 маркалы көлігін сол жердегі метал тіреуішке соғылғанша итеріп, көлігінен шығып оның айнасы мен әйнегін өз қолымен сындырғаны анық көрінеді. Тіпті, тұрақтан өтіп бара жатқан ер адамды түйіп кете жаздады. Жолаушы соққыдан жерге құлап түсті.

Ерлі-зайыптылардың не үшін сөзге келіп қалғаны әлі белгісіз.

Енді ер адам көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз:

Әнші жігіт сүйіктісін шайтаннан құтқарамын деп тамағына 33 сарымсақ тығындап өлтіріп алды

Непалда ұшақ апатқа ұшырап, 49 адам қаза болды

Дос қыздарымен жиналуға барған қалыңдық құрбыларымен тауда құлап өлді

Қытай басшысы шексіз билікке ие болды

Талқылау