Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көзіне есірткі егіп соқыр болып қалған қыз арманын айтты

Есірткіні көзіне қабылдап соқыр болып қалған қыз бақытты екенін айтты. Ол көзі көрмесе де теңіз биологы болуды мақсат еткен. Есірткіге тәуелді күндерінің ең қорқынышты кездер екенін есіне алды.

Бұл туралы The Independent хабарлады.

20 жастағы америкалық қыз Кайли Матхарт есірткіге тәуелділіктен арылу үшін оңалту орталығында жатқан. Алайда қыз, метамфетамин есірткісін пайдаланбақшы болды. Ол есірткіні есептемей көп дозасын қолданып қойған. Оның мөлшері көп болғандықтан есірткіні көзіне салған.

Қыз бұлай істемесе өліп кететін сияқты болған.

Ессіз әрекетке барған қыз шіркеу алдынан табылды. Ол жарықты көргісі келетінін айтып жылаған. Кейін Кайли Матхарт өзі жатқан ауруханаға жеткізілді.

«Барлығы қараңғы болды. Өзімнің соқыр болып қалғанымды сездім. Бірақ, жанымда анам барын білгенде, бәрі жақсы болатынын білемін», – дейді Матхарт.

Ол 1 наурызда ауруханадан шығарылды.  Қазіргі уақытта психиатр мен физиотерапияға барып жүр. Матхарттің көзі көрмесе де теңіз биологы болуды армандайды.

«Мен қазір бақыттымын. Есірткіге тәуелді күндерім ең қорқынышты кездер екен»,  -деді ол.

Тағы оқыңыз:

Бермуд аралынан төрт жыл бұрын көмек сұраған жолаушының бөтелкеге салынған хаты табылды

Бала күтуші солярийге бару үшін 11 айлық сәбиге ұйықтататын дәрі беріп келген

Әлемдегі алғашқы ұшатын автокөлік сатылымға шықты 

Араққа тойып алған ер адам әйелінің көлігін сындырды (видео)

 

Талқылау