Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкент Дариға Назарбаеваның азиаттық шенген туралы ұсынысын қолдады

Астана мен Ташкент Silk viza деп аталатын жаңа азиалық визаны шығару жөнінде келіссөздер жүргізуде. Егер екі астана келісімге келсе, туристер Орталық Азияны бір ғана құжатпен аралайтын болады. Бұл туралы Sputnik Өзбекстан хабарлайды.

Өзбекстанның жоғары парламент палатасындағы  халықаралық қатынастар және туризм жөніндегі сұрақтар комитетінің төрағасы Қазақстанда өткен парламентаралық кездесуге қатысты. Кездесуде ол Өзбекстанның Орталық Азияға келетін туристерге арнайы  бірыңғай визаны еңгізетінін айтты.

Осыған дейін бұл ойды сенатор Дариға Назарбаева тастаған болатын. Оның ойынша, бұл виза Азия мәдениетімен танысуға келген туристер үшін жеңілдік.

Туризм жөніндегі басқарма комитеті төрағасының орынбасары Феруз Додиевтің сөзінше, Өзбекстанда осы ұсыныс жақсы қабылданды. Оның ойынша, бүгінгі күні шетелдіктер Жібек жолының брендіне қызыға бастады.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау