Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда паралимпиада чемпионы Зульфия Ғабидуллинаны тонап кетті

Жамбыл полицейлері әлемдік рекордшы, 2016 жылы Риода өткен жүзуден паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Ғабидуллинаны тонап кеткен күдіктіні ұстады.

4d6e5554-c7a5-4322-b40d-a35a9a57b914

Бұл туралы ec-sport.kz хабарлайды.

“Осы жылдың 29 сәуірінде Зульфия Рахатқызы Тараз қалалық полиция басқармасына хабарласып, белгісіз адамдардың пәтеріне басып кіріп қымбат заттары мен ақшаны ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 1 миллион 350 мың теңге. Қазіргі таңда осы факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлайды ІІД.

Рио паралимпиадасының чемпионы “Тараз-Арена” спорт сарайының қасында, өзіне сый ретінде арнап салынған пәтерде тұрады.

“Біз қызымыз екеуміз үйде болмаған кезде ұрылар кірген. Менің де, қызымның да барлық заттарын алып кетіпті. Сірә, олимпиада медалін іздеп, бірақ таппай кеткен секілді. Біз ешқашан жасырмайтын құнды заттарды алып кеткен. Ал олар біздің итті электрошокпен құлатып тастаған, соған қатты қиналдық”, – дейді спортшы.

2017 жылдың 31 шілдесінде қылмыстық іс сотқа жөнелтілген.

Оқи отырыңыз:

Рыпакова әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық “МакГрегор” америкалықтарды тағы да таңғалдырды (видео)

EXPO-2017 Football Cup турнирінде Қазақстан құрамасы Әлем құрамасынан ірі есеппен ұтылды

Қазақстандық спортшы 30 секундта қарсыласының аяғын аспаннан келтіріп жеңіске жетті (видео)

Талқылау