Таразда болған қатты дауылдың салдарынан үш тұрғын жарақаттанды

Жұма, 4 Қараша , 2016 10:02

Таразда болған дауылдың салдарынан үш тұрғын жарақат алды. ҚР Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар бойынша комитетінің мәліметіне сәйкес, қазір оперативті-құтқару отрядының құтқарушылары мен коммуналдық қызмет мекемелері қала бойынша белсенді түрде жұмыс атқаруда. Олар сынған ағаштар мен шайқалған шатырларды жинау үстінде.

14659425_358332287846358_2398101341978230784_n

Дауылдың салдарынан Тараз мемлекеттік университетінің шатыры ұшып кеткен. Одан бөлек қала бойынша ондаған ағаштар құлап, автокөліктерді зақымдаған.

Дауыл басылғанымен, қалада әлі де жел соғып тұр.

«Таразда электр беретін 10 желі құлады. Қазіргі уақытта электр жарығынсыз қалған абоненттер саны анықталуда. Жалпы аумағы 2000 шаршы метрді құрайтын ғимараттардың шатыры жұлынып кетті. Қазіргі уақытта апаттық бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда. Әзірге дене жарақатын алған үш тұрғын анықталды. Олар Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар бойынша комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Айта кетейік, кеше Жамбыл облысында, оның ішінде Тараз қаласы мен Байзақ және Жамбыл аудандарында қатты дауыл соқты.

Жіберіп алмаңыз: 

Шымкентте полицей көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Теміртауда табылған қолдар жоғалып кеткен ер адамға тиесілі болып шықты

Павлодарлық 21 жастағы бойжеткен ауладан автокөлікті ұрлап мініп кеткен

Алматыда таксиші талмасы ұстап құлап қалған жолаушы әйелді зорлап тастаған

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар