Теміртауда табылған қолдар жоғалып кеткен ер адамға тиесілі болып шықты
Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі табылған қолға байланысты түсініктеме берді.

“Табылған адам дене мүшесіне байланысты дерек тіркеуге алынып, қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 2015 жылдың наурыз айында жоғалып кеткен адамға тиесілі болуы мүмкін”, – деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Теміртау қалалық полиция бөлімі қылмыстық істі анықтау үшін жедел-тергеу тобын құрған. Мәлім болғандай, ҚР Ұлттық гвардиясының кинолог-маманы Теміртау қаласындағы үйлердің бірінен адамның екі қолы салынған құрылыс қапшығын тауып алды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады