Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда 4-қабаттан құлаған 8 жасар қыз аман қалды

Таразда 8 жастағы қыз 4-ші қабаттан құлап кетті. Екінші сынып оқушысы жерге оңбай түскенімен, құдай сақтап аман қалған. Қатты жарақат алған ол қазір ауруханада жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

82bf3e5ea0a882547b52fc0976391d74

Сурет: nash-sport.com 

Шамамен 10 метр биіктіктен құлаған қызды жерде талып жатқан жерінен ең алғаш бірінші қабаттағы тұрғын көріп, дереу жедел жәрдем шақырған. Айтуынша, есеңгіреп жатқан оқушы ет қызуымен алған жарақатын сезінбеген. Оның белі төсек жаймасымен буылған екен. Қазір періштесі қаққан жеткіншек балалар ауруханасында жатыр. Алғаш түскенде оның халі ауыр болғанымен, қазір тұрақты.

Дәрігерлер науқастың миы шайқалып, омыртқасын зақымдағанын айтады. Енді он күнде құлан таза айығып кетуі мүмкін. Ел арасында Аягөзді әлде біреу әдейі лақтырып жіберген деген қауесет айтылуда. Алайда, жеткіншектің жақындары Аягөз әпкесімен ойнап жүріп абайсызда құлап кеткен деп отыр. 8 жастағы оқушы үйінде 11 жастағы бөлесі және нағашы атасымен бірге болған екен.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда жетінші қабаттан құлаған бала аман қалды

Астанада 5-ші қабаттың терезесінен құлап кеткен төрт жасар бала аман қалды

Ақтөбеде 6-шы қабаттан құлаған екі жасар қыз ғажайыптың күшімен аман қалды

Талқылау