Ақтауда жетінші қабаттан құлаған бала аман қалды
Ақтауда 17 ықшам ауданда орналасқан Green Park тұрғын үй кешенінде жетінші қабаттан құлап кеткен кішкентай бала ғажайыптың күшімен аман қалды. Оқиға 21 маусым күні кешкі уақытта болған.

Бұл туралы “Лада” хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, бала үйдің алдына тұрғызылған металл конструкциялы тор қоршаудың үстіне түсіп аман қалған.

Пәтер иелері кооперативі қызметкері баладан қорықауын, ешқайда қозғалмауын сұрап, сатымен жоғары шығып баланы түсіріп алған.

Баланы ауруханада қараған дәрігерлер, оның ешқандай жарақат немесе зақым алмағанын айтты.
Құқық қорғау органдары қазіргі таңда болған жайды сараптап жатыр. Орын алған оқиғаға орай полиция жергілікті тұрғындарға терезелерін ашық қалдырмауды, егер үйде кішкентай бала болса, оларды қараусыз қалдырмауды сұрап өтініш айтуда.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған