Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда 16 жастағы жігітті өлтірді деген күдікті ұсталды

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 20 қыркүйекте Тараз қаласының орталығындағы «Қазфосфат» ғимаратының алдында өлтірілген 16 жастағы жігіттің өліміне қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Таразда 16 жастағы жігітті өлтірді деген күдікті ұсталды

16 жастағы жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталғандар кәмелетке толмаған 16-17 жастағы жасөсіпімдер. Бес жасөсіпірім де 25 қыркүйекте қолға түсті. Ұсталғандар кәмелеттік жасқа толмағандықтан олардан заңды өкілдерінің, психологтардың және қорғаушылардың қатысуымен сұрау алынды.

Тергеу барысында марқұмның сол күні достарымен туған күн кешінен шыққаны анықталды. Олар орталық көшемен жаяу келе жатқанда алдарынан бір топ жасөспірім шыққан.

Сол кезде жігіттердің бірі туған күн иесінің қолындағы шарды әдейі жарып жібереді. Ал, оған ашуланған жәбірленуші дос қызын қорғамақшы болады. Нәтижесінде жасөспірімдердің арасында жанжал туындап, жәбірленуші бет жақ тұсынан соққы алып, бетонға соғылып құлады. Алайда, ауыр жарақат алған жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 17 жастағы күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды»,- делінген хабараламада.

Естеріңізде болса, Таразда Таразда белгісіз біреулер 16 жастағы жігітті соққыға жығып, өлтіріп кеткен болатын. Кейіннен марқұмның құрбысына араша түспекші болғаны белгілі болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау