Танымал жұлдыздар қазақстандықтарды білім күнімен құттықтады
Білім күніне орай қазақстандық жұлдыздар кезекті жазбаларын бөлісіп, халықты мерекемен құттықтады. Олар бүлдіршіндерге жақсы дос пен ата-аналарға сабырлық тіледі. Мұнымен қатар, балаларының бірінші рет мектеп табылдырығын аттағанын айтып, жаңалықтарын бөлісті.
Фото: instagram.com/zhorabayeva/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Алтынай Жорабаева: Білім күні құтты болсын! Балапандарым! Тілектеріңіз үшін көп рахмет! Сара балапаным, Семанұрым, қадамың құтты болсын. Абыройлы, беделді бол! Аллаға шүкір!
Қарақат Әбілдина: Ардақты ағайын, білім күні құтты болсын! Балаларымыздың дені сау, оқуда озат, әрқашан да жетістіктерімен қуантып, қатарының алды болуына, абыройлы болуына тілектеспін! Нұрбаламыз мектеп табалдырығын аттап, 1 сыныпқа қабылданды. Қадамың құтты болсын, құлыным!
Мақпал Исабекова: Қайырлы таң, жақсыларым! Оқу жылының басталуымен оқушылар мен ата-аналарды шын жүректен құттықтаймын!
Сәкен Майғазиева: Білім күні құтты болсын, достар! Алла тағала зейінімізді ашып, пайдалы білім нәсіп еткей.
Төреғали Төреәлі: Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ!
Мақпал Жүнісова: Қайырлы таң, білім мерекесі құтты болсын!
Луина: Күз сондай сұлу! Бір-бірімізді жылы сөздермен, ыстық ықыласпен жылытайық. Жазды аңсамай, келген күзді одан да қызықты етіп өткізейік. Мұнымен қатар, ата-аналар мен оқушыларды, түлектер мен ұстаздарды шын жүректен құттықтап, сіздерге “сабырлық” тіледім. Адамдар, барлықтарыңызды жақсы көремін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Әсел Сәдуақасова: 1 қыркүйек құтты болсын! Ата-аналарға сабыр, балаларға білім мен жақсы достар нәсіп етсін! “Судағы із” телехикаясындағы сурет. Сіздерге осы туынды қатты ұнайтын еді ғой.
Заттыбек: Көп баланың армандап, мектепке барамын деп асыға күткен күні де келіп жетті. Бүгін – білім күні! Барша Қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Оқушылар білімді, ұстаздар білікті болсын! Ыбырай Алтынсарин: “Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі” – деген. Ал, Ғабит Мүсірепов: “Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім” – дейді! Ұстаз бен шәкірт дос болса ғана биік белес бағынады. Қазақ даласына бүгінде мыңды жығар білімділер керек! Ел ертеңі білімді жастарда!
Жіберіп алмаңыз:
Бүркіт қолға алған жеке кәсіптері туралы ашық әңгімеледі
Жеке кәсіппен айналысатын қазақстандық жұлдыздар
Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы қанша қаражат табады?
Махаббаттарының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
